138 студент әскери ант қабылдады

Әскер қатарында қызмет етіп, Отан алдындағы парызды өтеуге әрбір азамат міндетті. Себебі, туған жерді, елді, атамекенді қорғау – қасиетті борыш. Ер азамат әскерге баруды абыройлы міндет ретінде сезіне отырып, ел алдында берген антты орындайтын үлкен асу баспалдағы тұрғанын естен шығармауы тиіс. Ал бұл қадам әскери борышты өтеуден, ал оқу орындарында әскери кафедрадан бастау алады.

31 шілде күні М.Х.Дулати атындағы университеттің әскери дайындықтың толық курсын өткен 138 студент әскери антқа келтірілді. Кафедраның саптық плацта сап түзеген білім алушылар әскери ант қабылдап, Алғыс хаттармен марапатталды.

Салтанатты жиынға Дулати университетінің Зерттеулер және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Данияр Нұрмұханбет және Қазақстан Қарулы Күштерінің ардагері, отстовкадағы генерал-майор Әлімжан Ерниязов қатысты. Студенттерді отансүйгіштік пен жігерлі жауынгерлікке тәрбиелеген оқу орны ант қабылдау салтанатына үлгі боларлық тұлғаны шақыруы бекер емес.

Салтанатты рәсімде проректор Данияр Ысқақұлы бұл шараның әрбір ант қабылдаушы студент үшін маңызды екеніне тоқталып, әскери ант қабылдаған студенттерді құттықтады.

WhatsApp Image 2022 08 02 at 09.41.50 2

WhatsApp Image 2022 08 02 at 09.41.49 2

WhatsApp Image 2022 08 02 at 09.41.47

Медиа-қызмет.

Прочитано 1533 раз
Top