Байқаудың ұйымдастырушысы «М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» КЕАҚ болып табылатын AP09259497 «Жаңа жағдайдағы Қазақстанда педагогикалық білім беру жүйесін жетілдіру: Қазақстан Республикасында қашықтықтан оқытуда болашақ педагогтердің цифрлы құзыреттіліктерін қалыптастырудың технологиялық-әдістемелік аспектілері» ғылыми Жобасы аясында өтеді.
Байқауға қатысуға Қазақстандық және Ресейлік жоғары оқу орындарының педагогикалық білім беру бағдарламаларының үшінші және соңғы курстарының студенттері шақырылады.
Байқауға қатысушылардың саны шектелмеген.
Байқаудың мақсаты: педагогикалық білім беру бағдарламалары білім алушыларының цифрлық құзыреттілігін дамыту, болашақ педагогтердің шығармашылық белсенділігін ынталандыру, білім беру қызметінің сапасын арттыру және білім беру процесін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру.
Байқау міндеттері:
- болашақ педагогтардың шығармашылық және кәсіби әлеуетін жандандыру;
- қазіргі заманғы инновациялық білім беру технологияларын оқу-тәрбие процесінің практикасына енгізу;
- болашақ педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру;
- болашақ педагогтердің әлеуметтік және кәсіби имиджін қалыптастыру.
Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі
Байқау 2022 жылдың 1 қыркүйегінен 2022 жылдың 1 қазанына дейін сырттай түрде өткізіледі.
Байқаудың басталғаны туралы жалпыға бірдей хабарландыру smart-pedagog.kz педагогикалық порталының (бұдан әрі – білім беру порталы) веб-сайтының басты бетінде жүзеге асырылады.
Байқауға қатысуға өтінімдер 2022 жылдың 1 қыркүйегінен 19 қыркүйекке дейін Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электронды мекен-жайына қабылданады.
2022 жылдың 20 қыркүйегінен бастап 30 қыркүйекке дейін байқаудың қазылар алқасының мүшелері конкурстық жұмыстарды бағалауды жүзеге асырады.
Байқау қорытындысы 2022 жылдың 1 қазанынан кешіктірілмей білім беру порталының сайтында жарияланады.