ТІЛ ТҰҒЫРЫ – ҰЛТ ҒҰМЫРЫ

Ағымдағы жылдың 22 – ші қыркүйегінде «Ұстаз» институтына қарасты «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының ұйымдастыруымен 22 қыркүйек – Қазақстан Халықтарының Тілдер күніне орай «Тіл тұғыры – ұлт ғұмыры» атты зияткерлік сайысы өтті.

Студенттерді тұғырлы тілдің мәртебесін көтеріп, құрметтеуге баулуды мақсат еткен шараға аталмыш кафедраның меңгерушісі, п.ғ.д., профессор Абдықадырова Тұрсынай Рыстайқызы мұрындық болды.

Тіл табиғатының қыр – сырын ұғына білуге негізделген зияткерлік сайысқа Кя – 22 – 1, 3, 5, 7 тобының топ басшылары мен студенттері қатысты. Ана тілін білмеуің, ананың арын төккендей, тілді бұзып сөйлеуің, өзіңді өзің сөккендей, - деген тіркестерді ұран еткен командалар екі кезеңнен тұратын сайыста өз бақтарын сынады. Әуелі өз топтарын таныстырып, «Ой – көкпар» деп аталатын екінші кезеңде «Жұмбақ – жақсы жымдасқан метафора», «Мақал – сөздің мәйегі», «Жаңылтпаштан жаңылма», «Шешендік сөз өнері», «Мен – студентпін!» бағыттары бойынша деңгейлік ұяшықтарды таңдау арқылы қоржындарын толтырды.

Нәтижесінде Кя – 22 – 5 тобы бас жүлде, Кя – 22 – 7 тобы І орын, Кя – 22 – 1 тобы ІІ орын, Кя – 22 – 3 тобы ІІІ орын иеленді.

Тіл тұғырын – ұлт ғұмырына балаған зияткерлік сайысқа «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының профессор – оқытушылар құрамы және «Ұстаз» институтының оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі директордың орынбасары Еркебұлан Бақытжанұлы қатысты. Сонымен қатар, кафедра оқытушысы Нұржамал Мыңбайқызы мен докторант Көркемжан Бақытжанқызы шараға модераторлық етсе, Фарида Қонарбайқызы мен Марал Сәрсенбекқызы тәуелсіз сарапшы ретінде жеңімпаздарды анықтады.

2

3

4

Прочитано 1047 раз
Top