Ой-додасында топ жарғандар

Көшбасшылыққа жетелейтін ізгі қасиеттердің бірі – шешендік, ділмарлық екенін ешкім жоққа шығара қоймас. Қиыннан қиыстырып, орайын келтіру, ұтымды уәжбен тыңдарманға салмақты ой тастау, бейнелі, бедерлі сөздерді келістіре айту – көп адамның бойынан табыла бермейтіні де шындық.

Осы айтылған санаттан табылып жүрген өз саласының болашақ көшбасшылары Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелер басқармасы және Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін Пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен М.Мәметованың 100 жылдығына арналған «Елдің тыныштығы – ең үлкен аманат» атты студенттер арасында өткізілген облыстық пікірсайыс турниріне қатысты.

WhatsApp Image 2022 10 03 at 18.37.03

WhatsApp Image 2022 10 03 at 18.37.04

Дулати университетінде ұйымдастырылған ой-додасы 2 лигадан өтіп, жалпы 30 команда бақ сынады. Жамбыл облысы аудандарнан құралған топтар ерекше көзге түсті. Университеттегі «Еркін ойлар алаңы» клубының жемісті күндері өте көп. Қай өңірге барса да, алғашқы орынды иеленеді. Өз жолын қалыптастырған, айтар ойы көптің көңіліне қонымды жастардан құралған бұл команда өздерінің мықты екендігін тағы бір дәлелдеді.  Ақтық сайыста топ жарып командалық есеп бойынша бір емес алты рет жеңіске жеткен. Сөз шешендері бұл күнді «Жүлде жауған күн» деп мақтанышпен айтады.

Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен қомақты қаржы табыс етілді.

Дулати университетінің медиа-қызметі.

Прочитано 871 раз
Top