Тарихыңды таны, тағылымына құлақ түр!

Бала бойына жас кезінен бастап әуелі туған тілін, тарихы мен мәдениетін қастерлеуге үйрету керек. Тарихты білу үшін әр адам өзі тұрып жатқан өлкенің, қаланың тарихын білуі маңызды. Өлкенің тарихын білмей, басқа елдердің тарихын айтқаннан еш пайда жоқ. Осы мақсатта Дулати университеті «Ұстаз» институтының ұйымдастыруымен 25-қазан Республика күніне «Қазақстан – тарих толқынында» тақырыбында облыс көлемінде оқушылар мен студенттер тарихшы, ғалымдармен кездесті.

«Ұстаз» институтының директоры Орынқыз Джолдасова еліміздің әлемдік аренеда өзіндік орнын алуы жастардың білім мен ғылымды игеруіне тікелей байланысты екенін жеткізді.

Жүсіп Баласағұн атындағы Түркістан өлкесін тарихын зерттеу орталығының директоры, т.ғ.к., профессор Бахторазов Сейдахан Уалиұлы қатысушыларға тың деректерімен бөлісті. Танымды кеште тәуелсіздікті аңсаған халқымыздың арғы тарихы мен бергідегі Алашорда азаматтарының қазақ халқы үшін жасаған жанқиярлық еңбектері айтылды.

RLS 4357

RLS 4360

RLS 4362

Прочитано 804 раз
Top