Кез келген мекемедегі жұмыстың алға басуына әсер ететін негізгі фактор – еңбектің еленуі екенін ешкім жоққа шығара алмас. Қайта оралған ұлттық мереке – Республика күніне орай М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің бірқатар профессор-оқытушылары мен қызметкерлеріне еңбектеріне қарай құрмет көрсетілді.
Мерейлі мерекеде мерейі өсіп, еңбектері еленгендердің қатарында университеттің әскери кафедрасының бастығы полковникСағат Мұкышевті атап өткен жөн. Сағат Амангелдіұлына Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің шешімімен «Әскери ғылымдар» мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор атағы берілді.
Сондай-ақ Жамбыл ТілеукеевкеЦифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің Құрмет грамотасы табысталады. Ал Сардарбек Нарматов «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Сонымен қатар 20-дан астам профессор-оқытушы мен қызметкерлерге облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттары тапсырылды.
Еткен еңбегінің жемісін көріп, мерейі асқан әріптестеріміздің әрі қарай да жұмысы табысты боларына сенім көп.