Экономикадағы мүдделер қақтығысының соңы дау-жанжалға ұласып жататын кез аз емес. Қазіргі геосаяси ахуал ушығып тұрған мемлекеттердегі көзқарастар қайшылығының бір ұштығы осымен байланысты.
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымындағы өзекті тақырып «Мүдделер қақтығысын реттеу жүйесі» атты халықаралық деңгейдегі семинар өтті. Оған облыстық квазимемлекеттік секторының комплаенс қызметі мен басқа да комплаенс қызметтері қатысты.
Комлаенс қызметі, жалпы осы термин өткен онжылдықтың ішінде бастап пайда болғаны белгілі. Комплаенс мәдениетін қалыптастыру Әдеп кодексінің нормаларын қызметкерлер назарына жеткізу үшін қолданылады. Сондай-ақ сыбайластыққа қарсы мәдениеттің ажырамас бөлігіне айналып, сол арқылы әдеп қағидаттарының бұзылуына жол бермейді.