Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл толуына орай, Кітапханалық-ақпараттық орталықтың ұйымдастыруымен, Гидро кешеніндегі N8-ші оқу залында «Су шаруашылығы институтының» «Экология» мамандығының 1-ші курс студенттерімен «Көркем сөз шебері» тұлғатану сағаты өтті.
Жазушының өмірбаяны, жазған әдеби шығармалары және аудармалары таныстырылып, пьесаларынан үзінділер көрсетілді.
Әдебиет сүйер қауымынан жақсы бағасын алған «Ай мен Айша» шығармасы - өткен ғасырдың қайғы-қасіретімен қоса, сол кезеңді басынан өткерген жетім баланың, жесір ананың мұңын арқау етеді. Шер-ағаң туған жерді сүюді, оған деген мәңгілік өшпес сағынышты, аналық данышпандық пен ағайындық мейірімнің, тағдырдың қатал соқпағының барын осы шығарма арқылы суреттейді.
1-ші курс студенттері Аружан Қүншырақ «Қызыл жебе» романынандағы Тұрардың қиын-қыстау өмірі жайлы, Дарын Амангелді «Жүрекке әжім түспейді»шығармасынан екінші дүниежүзілік соғыс зардабын өзек еткені туралы баяндап берді.
Кітапханалық-Ақпараттық орталықтың библиографы
Увалиева Шолпан Жексенбекқызы