Профессор Хелдер Гомес Дулати университетінде дәріс оқыды

Университетке шетелдік ғалымдарды тарту жұмыстары шетелдік серіктес университеттермен ынтымақтастық саласында және алдын-ала келісім мен университеттің қажеттілігіне сәйкес жүргізіледі.
Шетелдік ғалымдарды шақыру білім беру үдерісіне заманауи көзқарас тұрғысынан жаңа білім мен оқыту әдістері арқылы студенттердің құзыреттілігін дамытуға мүмкіндік береді.

Осындай жоспарлы жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында «Химия және химиялық технология» кафедрасына 2022 жылдың қараша – желтоқсан айлары аралығында Португалияның Браганса политехникалық институтының профессоры Хелдер Гомес шақыртылды. Шет елдік ғалым Дулати университетіне келіп университеттің басшылығымен, профессор оқытушылар құрамымен, студенттер, магистранттар және докторанттармен кездесу жүргізді.

Кездесу барысында профессор Хелдер Гомеспен бірлесе отырып Браганца политехникалық институты арасындағы ынтымақтастыққа қатысты, педагогикалық деңгейді жетілдіретін жаңа қос дипломдық бағдарламалар мен студенттердің академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында тәжірибе алмасу туралы келісімдер жасалды. Сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмыстары негізінде, жаңа жобалар мен шет елдік ғылыми басылымдарға мақалаларды жариялау бойынша да бірнеше келелі мәселелер талқыланды. Шет елдік ғалым докторанттардың шет елден өтетін ғылыми тағылымдамаларының жүзеге асырылуы бойынша қажетті жұмыс жоспарларын анықтауға қолдау көрсетті.

Шақырылған профессор жұмыс барысында Химия білім беру бағдарламасының 4 курс студенттерінің «Қоршаған орта объектілерінің химиялық талдауы» пәні бойынша орындаған ғылыми-зерттеу жұмыстарына шолу жасауға қатысты. Студенттерге ағылшын тілінде дәріс оқып, практикалық сабақтар жүргізді. Сонымен бірге профессор Хельдер Гомес Дулати университетінің профессор-оқытушылар құрамына арнап «Зерттеу нәтижелерін ғылыми басылымдарда қалай жариялауға болады?» тақырыбында семинар өткізді. Семинарда зерттеу журналдары мен олардың әрі қарай жариялануы арасындағы айырмашылықтар талқыланды. Қатысушылар тарапынан семинар барысындағы айтылған ақпараттарға үлкен көңіл бөлініп, ойларындағы сұрақтарымен пікір алмасты. Осындай іс-шаралар Браганса политехникалық институты мен Дулати университетінің арасында келешекте одан әрі ынтымақтастығына және бірегей мүмкіндіктеріне жол ашады.

WhatsApp Image 2022 12 07 at 15.11.50

Мамешова Саят Алишериевна

Дулати униерситеті Технологиялық факультеті «Химия және химиялық технология»  кафедрасының аға оқытушысы.

 

 

 

 

Прочитано 850 раз
Top