«Жаңа кәсіптер Атласын жоғары оқу орнының білім беру бағдарламаларына енгізу әдістемесі»

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті Стандарттарына(ары қарай ЖББЖМС) енгізілген өзгерістер мен «Жаңа кәсіптер Атласын» ескере отырып білім беру бағдарламаларының өзектілігін арттыру, мазмұны, білім беру және бағалау технологияларын жетілдіру мақсатында университетімізде Академиялық саясат жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен 31.01.2023мен 03.02.2023 ж. аралығындаәдістемелік семинарлар циклі өткізілді.

Осы шара аясында кафедра меңгерушілері, білім  бағдарламаларын құрастырушылар мен сапаны қамтамасыз ету топтары жетекшілерінің қатысуымен «Білім бағдарламаларын Жаңа кәсіптер Атласына сәйкес жаңарту және Атласты пайдалану ерекшеліктері» тақырыбында әдістемелік семинар өткізілді. Семинар барысында «Жаңа кәсіптер Атласын» пайдалана отырып білім бағдарламаларын жаңарту жолдары мен методологиясы ұсынылды.

Сонымен қатар университетімізде қабылданған «Білім алушыларды қорытынды аттестаттаудың жаңа Ережесі» бойынша көпсалалы университетімізде қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру ерекшеліктері пысықталды.

ЖББЖМС талаптарында қарастырылған Өмір бойы оқыту тұжырымдамасына (үздіксіз қаулысымен білім беру) сәйкес формальды емес білім берудің оқыту нәтижелерін тану аясында Coursera платформасындағы курстарды оқу үдерісінде пайдалану мәселелері талқыланды.

Төртінші семинар «Онлайн оқытуға дайындық бойынша Жол картасына сәйкес жұмыстарды ұйымдастыру» тақырыбында өтті. Семинар барысында онлайн-оқытуды жүзеге асыру мақсатында сандық-техникалық ресурс, оқу-әдістемелік кешендер мен кадрлардың құзыреттілік деңгейін жаңа талаптарға сай бейімдеу мәселелері қарастырылды.

2

Прочитано 964 раз
Top