COURSERA – еркін онлайн оқу алаңы

Енді Қазақстандық студенттерге Coursera курстары қолжетімді. Белгіленген уақыт аралағында студенттер шетелдік ғалымдардың тағылымдарын тыңдап арнайы сертификаттарға ие болады.

Coursera курстары 25 өңірлік университеттегі 20 000 қазақстандық студентке қолжетімді. Магистранттар, доктаранттар, оқытушылар мен профессорлар да қатыса алады.

Дулати университетінде 200 ге жуық студент бұл курстан өтіп, біліктіліктерін дәлдеуде. Жалпы аталған онлайн оқыту платформасы туралы оқытушылардың пікірі оң, тек қолдайтындарын жеткізді.

– Онлайн оқыту платформасында түрлі курстар бойынша біліктілікті арттырып, білімді тегін жетілдіругеы мүмкіндік бар. Қазіргі кезде сапасы жоғары курстардың бағасы да қымбат екені бәрімізге белгілі. Гуманитарлық әлеуметтік ғылымдар факультеті, «Филология және журналистика» кафедрасы бойынша «Жақсы іскери хат жазу» курсына 3 оқытушы, 8 студент қатыстық. Курсқа жазылған соң Coursera бойынша ақпараттарды қарастырып, курс басталған күннен оқуға кірістік. Coursera онлайн оқыту және білім беру платформасын 2012 жылы Стэнфорд университетінің екі информатик ғалымдары іске қосқан екен. Бұл оқытушыларға, студенттерге өз саласы бойынша түрлі курстарға жазылуға, таңдаған саласына мамандануға және табысты мансап құруға көмектесетін пәндерді оқуға мүмкіндік беретін онлайн-платформа екендігіне көзім жетті.

Курсты сәтті аяқтаған соң, біліктілікті растайтын ресми құжат – сертификатты иеленедік. Сонымен қатар осы онлайн платформасының интерфейсі қолдануға және шарлауға оңай. Сайтқа кірген кезде сізге жігер сыйлап, мотивация беретін әсерлі сәлемдесуді көресіз. Бұл – «Әлемдегі ең үздік университеттер мен компаниялардан 100% онлайн оқыту». Интерфейс жақсы жұмыс істейді, сіз ашылмалы мәзірден не үйренгіңіз келетінін таңдай аласыз немесе іздеу өрісіне кілт сөзді енгізе аласыз. Сіз тақырыптарды, негізгі тілді және қолжетімді субтитрлерді, түрлерін және т.б. еркін таңдайсыз. Сайтта бекерге алаңдайтын ештеңе жоқ, тек қажетті ақпараттар ғана бар. Платформадағы контенттің мазмұн сапасы жоғары, түсінікті, тілі жатық,-дейді аға оқытушы Балмира Мырзабаева.

Әр мәзірін тыңғылықты, терең деңгейде жасап, құрастырған контенттің мазмұн сапасына дау айту қиын. Coursera платформасын пайдаланушылардың көпшілігінің пікірі оқу материалының сапасына риза және қанағаттанатындығын білдіруде.

«Филология және журналистика» кафедрасы бойынша курсқа қатысушылардың барлығы бір деммен курсты сәтті аяқтап, өз сертификаттарын алды.

WhatsApp Image 2023 03 09 at 14.47.25

WhatsApp Image 2023 03 09 at 14.47.25 1

WhatsApp Image 2023 03 09 at 14.47.25 2

 

Прочитано 1777 раз
Top