«М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті»

коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Кафедра меңгерушілерінің бос  лауазымдық орындарына конкурс жариялайды:

«ҰСТАЗ» ИНСТИТУТЫ

«Педагогика» кафедрасының меңгерушісі

1 бірл.

«СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ТАБИҒАТҚА ҮЙЛЕСТІРУ» ИНСТИТУТЫ

«Су ресурстары» кафедрасының меңгерушісі

1 бірл.

«ӨНЕР ЖӘНЕ СПОРТ» ФАКУЛЬТЕТІ

«Дене шынықтыру және  спорттың теориясы мен әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі

1 бірл.

«Спорттық пәндердің әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі

1 бірл.

«ГУМАНИТАРЛЫҚ - ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР» ФАКУЛЬТЕТІ

«Шетел филологиясы мен аударма ісі» кафедрасының меңгерушісі

1 бірл.

«ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ» ФАКУЛЬТЕТІ

«Химия және химиялық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі

1 бірл.

«ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ» ФАКУЛЬТЕТІ

«Қаржы және есеп» кафедрасының меңгерушісі

1 бірл.

«АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» ФАКУЛЬТЕТІ

«Қолданбалы математика және статистика» кафедрасының меңгерушісі

1 бірл.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

- «М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» КЕ АҚ Басқарма Төрағасы - Ректор атына жазылған өтініш;

- кадрларды есепке алу бойынша жеке іс парағы;

- жеке куәлік көшірмесі;

- өмірбаян;

- резюме;

- соңғы жұмыс орнынан мінездеме;

- жоғары білімі мен академиялық және ғылыми дәрежесі  туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттың нотариалды расталған көшірмелері;

- біліктілікті арттыру және қайта даярлау туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;

- ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда);

- денсаулығы туралы медициналық (санитарлық) кітапша;

- соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама;

- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама;

- ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының тіркеуде тұрмайтыны туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы; 

- ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының тіркеуде тұрмайтыны туралы психоневрологиялық ұйымның анықтамасы;

- Қызмет нәтижелері туралы презентация (қағаз және электрондық түрде, көлемі 10 слайдтан артық емес).

Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар), сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.

Кафедра меңгерушісінің біліктілігіне қойылатын талаптар:

Негізгі талаптар

- Кафедраның Білім бағдарламаларына сәйкес келетін жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

- Ғылыми дәрежесінің (немесе PhD дәрежесінің) болуы;

- Ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес немесе мамандығы бойынша өндірістік өтілі 5 жылдан кем емес;

- Мемлекеттік тілде сабақ өткізу тәжірибесі;

- Шығармашылық сипаттағы  Білім бағдарламалары бойынша мамандар даярлауды жүзеге асыратын кафедраларда (Дене шынықтыру және спорт, Мәдени-бос уақыт жұмысы, Дизайн, Көркем еңбек және сызу, Бастапқы әскери дайындық, Хореография) «Еңбек сіңірген», «Құрметті» және  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік наградалары бар, подполковниктен төмен емес әскери атағы, спорт шебері, спорт және өнер бойынша континентальдық және әлемдік ресми біріншіліктердің жеңімпаздары және т.б. Қазақстан Республикасы ресми танылған атақтары бар маман басқара алады. Жоғарыда аталған атақтардың иегерлері «Қауымдастырылған профессор» ғылыми атағына теңестіріледі;

- Университет әкімшілігінің, білім алушылар мен оқытушылардан «Университет ПОҚ, қызметкерлері мен білім алушыларының академиялық адалдық ережелеріне» сәйкес ескертулері мен наразылықтарының болмауы.

Қосымша талаптар

- Соңғы 5 жыл ішінде біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы;

- «Оқытушы студенттер көзімен» сауалнамасы бойынша нәтижелер 7,0-ден астам болуы;

- Оқу, оқу-әдістемелік (оқу-әдістемелік құралдар мен білім беру бағдарламаларының (ББ) авторлары болып табылатын) және ғылыми қызметтерде (соңғы 5 жыл ішінде ҚР БҒМ БҒССҚК ұсынған ғылыми басылымдар тізбесіне енгізілген басылымдарда және халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда кемінде 5 ғылыми мақалаларды жариялауы) жетістіктердің болуы.   

Өтініш беру мерзімі: хабарландыру университеттің http://dulaty.kz. сайтында жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күннен  кешіктірілмеуі тиіс, 2023 жылғы 27-наурыздан бастап 05-сәуірге дейін.

Мекен-жайымыз: 080000, Тараз қаласы, Ы. Сүлейменов көшесі, 7,  101 бөлме (1.1 корпус)  (Персоналды басқару қызметі), тел. 8-(7262)-43-27-77, 8-(7262)-43-26-38, e.mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Прочитано 2822 раз
Top