2023 жылдың 12-13 сәуірінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры Б.Темірболаттың ұйымдастыруымен «Жаңа Қазақстан: әділетті қоғам» атты дәстүрлі екікүндік онлайн форматта семинар-тренинг Дулати университетінде өтті.
Жаңа Қазақстан, әділетті қоғам, білімді ұрпақ. Бүгінгінің басты тірегі саналатын келтірілген үш тіркес бірін-бірі қашанда толықтырып тұрады. Осыған орай, ҚР Президенті жаңа Қазақстанды құру мақсатында «Жаңа Қазақстанның мақсаты – азаматтардың әл-ауқатын арттыру, табыс алшақтығын жою, жұмыс орындарын ашу және инфляцияны тежеу. Біздің барлық күш-жігеріміз миллиондаған қазақстандықтың қауіпсіздігі мен тұрмыс жағдайының сапасын жақсартуды қамтамасыз етуге бағытталған. Қазақстан экономикасы орнықтылығын көрсетті. Үкімет отандық, шетелдік инвесторлар мен сауда жөніндегі серіктестеріміздің сенімін арттыру үшін барлық қажетті шараны қабылдайды», – деп атап өтті.
Жетекші ғылыми қызметкер, т.ғ.к, доцент - Ешмуратов Арман Канатович Дулати университетінің орыс тобы студенттеріне: «Справедливость: концептуальные принципы. Социокультурные идеалы казахстанского общества. Имеются ли противоречия? Вопросы формирования новых ценностей» алғашқы дәрісін өткізді. Аға сарапшы - Умбетова Кунзия Агимбаевна жаттығулар мен тапсырмаларды тренинг бойынша орындатты. Ал, қазақ тобына жетекші ғылыми қызметкер - Хамитова Акбота Камоевна «Әділеттілік: тұжырымдамалық қағидаттар. Қазақстандық қоғамның социомәдени идеалдары. Қарама-қайшылықтар бар ма? Жаңа құндылықтарды қалыптастыру мәселелері» атты дәрісті өткізді. Аға сарапшы - Умбетова Кунзия Агимбаевна жаттығулар мен тапсырмаларды орындатты.
Келесі күні жетекші ғылыми қызметкер, т.ғ.к, доцент - Ешмуратов Арман Канатович Дулати университетінің орыс тобы студенттеріне: «Новый Казахстана: трактория продвижения» дәрісті өткізді. Аға сарапшы - Умбетова Кунзия Агимбаевна Командада жұмыс істеу. Әлеуметтік жобалар жасау тренингті өткізді. Қазақ тобына жетекші ғылыми қызметкер - Хамитова Акбота Камоевна Жаңа Қазақстан: даму траекториясы дәрісті өткізді, аға сарапшы - Умбетова Кунзия Агимбаевна Командада жұмыс істеу. Әлеуметтік жобалар жасау тренингті өткізді.
Іс-шараға 42 студент қатысып және алғыс хатпен, сертификатпен марапатталды.