М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде «Дулати Аруы-2023» байқауы өтті. Сайыста білімі мен сымбаты келіскен 12 ару бақ сынады.
Қазақ халқының педагогикасы негізінде салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрыптарымызды, нәзіктік пен сұлулықты бойына сіңірген «Қазақ аруы» эталонын қалыптастыруды көздейтін бұл байқау көпшіліктің көңілінен шықты. Ақыл-парасатымен ел басқарған, талайды тәнті еткен қазақтың даңқты қыздарының тұлғасын жастарға үлгі етіп қана қоймай, осы көріністерді сахналап көрсеткен арулар бірінен-бірі өткен өнерлі, талантты.
Сұлулықты ғана емес, білім мен парасатты тең ұстаған «Дулати Аруы – 2023» атағының иегерін анықтау қазылар алқасына оңайға соқпады. Байқау 4 кезеңнен тұрды: сәлемдесу, өнер сайысы, танымдық сайыс және кешкі сән үлгісін көрсету.
Сыннан сүрінбей өтіп, көрермен көңілінен шыққан аруларымыз жеңіс тұғырынан көрініп, тәж иеленді.
Сайыс қорытындысы:
І-орын Аружан Әзімбай,
ІІ-орын Алия Жанабаева,
ІІІ-орын Диляра Айнакулова және Нұршахризада Салимова.
Бас Жүлде және «Дулати Аруы-2023» атағын «Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру» институтының «Жерге орналастыру» мамандығының 1-курс студенті Карина Хамитова иеленді.
Барлық қатысушылар «Алғысхатпен» «Дипломмен» және бағалы сыйлықтармен мараппатталды.