Ректор Чехия университетінің профессорларын қабылдады

Дулати университетінің ректоры Мұхтар Байжұманов Чехияның Томаш Бата университетінің профессорлары Павел Маритинек пен Мартин Файкусты қабылдады. Ғалымдар алдағы екі апта бойы Erasmus+ бағдарламасы бойынша Дулати университетінің профессор-оқытушыларымен тәжірибе алмасып, дәріс оқуға келгенін айта кету керек.

Кездесуде Мұхтар Қазбекұлы университет тарихы туралы, алдағы кадр даярлау ісіндегі даму жоспары жайлы айтып өтті. Томаш Бата университетіндегі оқу бағдарламаларының бағыт-бағдарын, химиктерді даярлаудағы оқыту процесінің барысын сұрады. Профессор Мартин Файкус Злин қаласы және өз университеттері туралы айтып өтті.

Злин қаласындағы Томаш Бата университетінен келген профессорлар Павел Маритинек пен Мартин Файкус екі апта бойы физика және математика пәндері бойынша дәріс оқиды.

Қазір білім беру қызметтерінің нарығы қарқынды дамып келеді. Осы саладағы бәсекелестік те жыл сайын арта түсуде. Ал еуропалық Erasmus+ нағыз бірегей білім беру бағдарламасы. Бұл мемлекеттік және кейбір коммерциялық университеттердің студенттеріне 1-2 семестрге Еуропаның немесе тіпті әлемнің кез келген басқа университетіне оқуға кетуге мүмкіндік береді. Дулати университеті осы жобаның тиімділігін өте ұтымды пайдаланып отыр.

Талапкерлерді тартудың бірден-бір жолы – Дулати университетінің оң имиджін қалыптастыру екені сөзсіз. Ал шетелдік мамандарды шақыру сол бағытта жасалған нақты қадамдарының бірі. Дулати университетінің «Халықаралық ынтымақтастық орталығы» серіктес жоғары оқу орындарынан дәріс оқу үшін профессорларды тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

WhatsApp Image 2023 05 10 at 14.56.33

WhatsApp Image 2023 05 10 at 14.56.33 1

WhatsApp Image 2023 05 10 at 14.56.33 2

WhatsApp Image 2023 05 10 at 14.56.33 3

Прочитано 799 раз
Top