Ардагер оқытушы облыстық байқауда 2-орынды иеленді

Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесі жанындағы билер кеңесі ұлттық салт- дәстүрлер мен батаның тәрбиелік мәнін насихаттау мақсатында «Батамен ел көгерер » атты байқау ұымдастырылған болатын.

Өскелең ұрпаққа, бата беру дәстүрін дәріптеу, үлкендерді құрметтей білуге, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу, батаның ғибраттарын ұрпақ бойыңна сіңіруді көздеген байқауға 60 жастан асқан аға буын өкілдері қатысты.

Байқауда аудандар және Тараз қаласынан қатысқан 11 үміткер бақ сынады. Олардың бірі тараздық Исан Тілегенов –  М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Үздік оқытушысы».

Байқау қорытындысы бойынша Жайлаубек Қалиев 1-орынды жеңіп алып, 200000 теңге сыйақы иеленді. Ал университеттің ардагер оқытушысы Исан Тілегенов 2-орынды олжалады. Еңшісіне бұйырғаны – 150 000 теңге сыйақы. 3-орыннан көрінген Орынбай Рысбаевка 100000 теңге сыйақы табысталды.

Бас жүлде иегері – жуалылық Сейтқазы Медетбековке 400000 теңге сыйақы берілді.

2

3

4

5

Прочитано 621 раз
Top