Тағы да жеңіс

ҚР жоғарғы оқу орындарының студенттері арасындағы ХІІІ – Жазғы Универсиадасында Таеквандодан өткен жарыс өз мәресіне жетті. Дулати университетінің спортшылары шеберліктерін көрсетіп, 3-І орын, 1- ІІ орын, 7- ІІІ орын иеленіп жалпы командалық есепте 3 орынды қанжығылады.

Атап айтқанда, Элина Жұмабекова 2 рет І орын иеленді. Ан Максим 2 рет 1 орын, Наргиза Қойшыбекова ІІ орын, Адиль Тұрдиев ІІІ орын, Шаниёр Касимов 2 рет ІІІ орынды жеңіп алып, Мерей Нұрлан 2 рет ІІІ орынды қанжығалады. Ал Азиза Караджанова мен Элина Жұмабекова ІІІ орынға жайғасты.

Ерекше айта кеткен жөн, жарыс үстінде 1 курс студенті Элина Жұмабекова аяғының жарақатына қарамастан І орын иегері атанып, университет қоржынына 2 алтын сыйлады. Дулати университетінің командасына алдағы бәсекеде сәттілік тілейміз!

3

4

5

6

7

Прочитано 479 раз
Top