«Қазақ күресі» және «Дзюдодан» өткен жарыс өз мәресіне жетті

ҚР жоғарғы оқу орындарының студенттері арасындағы ХІІІ – Жазғы Универсиадасында «Қазақ күресі» және «Дзюдодан» өткен жарыс өз мәресіне жетті. 17 спорт түрінен бәсекеге түсіп жатқан Дулати университетінің спортшылары үздік бестіктен көрініп келеді. «Қазақ күресінен» өткен белдесуде Асылхан Дүйсенбек 55 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп ІІ орынды иеленді. 90 кг салмақ дәрежесінде Жақсыбек Шерхан бозкілемде жоғары деңгейде бақсынасып күміс медальды қоржынға салды.

Ал Рысмахан Темірлан 82 кг салмақ дәрежесінде сынға түсіп ІІІ орынға табан тіреді.

Дзюдодан Дулати құрамасының жетістіктері

Қыздар арасында «Дзюдодан» өткен бәсекеде аруларымыз алтын, күміс және қола медальдарын еншіледі. Жамбылдық жампоздар қарсыластарын місе тұтпай жеңіс тұғырына табан тіреді. Жүлделі орын алған студенттерді атап айтар болсақ, Аружан Адасқан 52 кг салмақ дәрежесінде І орынға ие болды, Алина Сатқыналиева 57 кг салмақ дәрежесінде ІІ орынды еншіледі, Асылжан Орынбасарова 70 кг салмақ және Ұлдана Таңжарық 63 кг салмақ дәрежесінде бозкілемде белдесіп ІІІ орынға ие болды.

Сондай ақ, ерлер арасында өткен «Дзюдодан» 66 кг салмақ дәрежесінде Бейбіт Нұралы ІІІ орынды иеленді.

 355470387 763296065798666 7895266908420933440 n

355686648 763295965798676 7296904899333278918 n

355697469 763295792465360 7958925375036193023 n

355823953 763295779132028 708566361097108448 n

355832368 763295759132030 3473728545053333613 n

355837187 763295892465350 2957676059199393640 n

355849262 763295925798680 4043508880880037204 n

355856787 763295819132024 2157312761360717936 n

355704925 763299809131625 6893530306045184781 n

355823516 763299842464955 9011804171024069783 n                                    

Прочитано 487 раз
Top