ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІ ЖАЗҒЫ УНИВЕРСИАДА ЖАЛАУЫН ҚАБЫЛДАДЫ

Ақтау қаласында өткен ЖОО студенттері арасындағы ХІІ жазғы универсиада өз мәресіне жетті.

Келесі жоғары оқу орындарының студенттері арасында әр екі жыл сайын ұйымдастырылатын спорттық бәсекені өткізу мәртебесі М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетіне берілді.

Универсиада жалауы Дулати университетінің ректоры Мұхтар Байжұмановқа табысталды.

Бір айғасозылған жарыстар нәтижесінде жалпыкомандалық есепте Әл-Фараби Қазақ ұлттық университеті топ жарды. 2-орынды Яссауи университеті, 3-орынды Есенов университеті иеленсе, Дулати университеті – 4-орынға табан тіреді. Қозыбаев университеті мен Абай университеті – үздік алтылықтың құрамында.

Айта кету керек, 17 спорт түрінен өткен жазғы универсиадаға еліміздің 55 университетінен 3000-нан астам студент қатысты.

IMG 20230623 WA0010

IMG 20230623 WA0006

IMG 20230623 WA0007

IMG 20230623 WA0008

Прочитано 577 раз
Top