QS WUR: Дулати университеті – әлемдегі ең үздік университеттердің рейтингіне енді

Дулати университетінің QS World University Ranking әлемдегі ең үздік университеттердің тізіміне енуі – айтарлықтай қуанышты жаңалық!

         Бұл үлкен жетістік! Себебі іріктеуге әлемнің 2 963 жоғары оқу орны қатысты. Оның ішінде 104 елден 1 499 жоо, Қазақстанның 9 қаласынан 21 ЖОО іріктеуден өтті.

Айта кету керек, QS World University Ranking әлемдік рейтингісінің 20-шы мерейтойлық іріктеуіне қатысушы оқу орындарының саны 30 пайыздан артқан.

Осындай іріктеуде алғаш рет 5 қазақстандық жоғары оқу орны әлемнің үздік университеттерінің QS World University Rankings құрамына енді. Олардың ішінде Дулати университеті 1201-1400-ші орынды иеленіп, Шығыс Қазақстан облысының Дәулет Серікбаев атындағы университеті (901-950 орын), Нархоз (1201-1400 орын), Сүлейман Демирель атындағы университетпен (1201-1400 орын) қатар тұр.

Осы жолғы рейтингті анықтаудағы тағы бір ерекшелік енгізілгенін айта кеткен жөн. Негізгі 9 көрсеткіштен тұратын рейтинг әдістемесіне 2023 жылы жоғары оқу орындарында ғылыми көрсеткіштерге қойылатын талаптарды күшейту үшін үш жаңа индикатор қосылды. Дулати университетінің ғылыми көрсеткіштері бұл талаптарға сай келіп отыр.

Қазақстандық оқу орындарының әлемдік рейтингте үздіктер қатарынан көрінуі – отандық білім беру жүйесіндегі реформалардың нәтижесі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен жыл санап ғалымдардың шетелдік озық оқу орындарында тағылымдамадан өтіп, жас ғалымдарға гранттардың бөлініп, ғылымға гранттық қаржыландыру өсіп келеді.

Дулати университетінің жетістігі – білім беру процесін дамыту, ғалымдарды қолдау, халықаралық байланысты арттыру, өңірлік интеграциялық жобаларды жүзеге асыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың жемісі.

         

Прочитано 686 раз
Top