Ректор Универсиада жеңімпаздарын қабылдады

Ақтау қаласында өткен ҚР ЖОО студенттері арасындағы XII жазғы универсиада ойындарына қатысқан Дулати университетінің командасын Дулати университетінің ректоры Мұхтар Байжұманов қабылдады.

Айта кетейік, дүбірлі дода 24 мамыр – 24 маусым аралығында Ш. Есенов университетінде өткен болатын. Аталмыш жарыста 60 жоғары оқу орнынан 3240 спортшы бақ сынады. Дулати университетінен 94 студент жарысқа қатысты.

Жалпы есепте Дулати университеті 13 алтын, 14 күміс, 22 қола медаль еншілеп 4-ші орын иеленді.

Бәсекеге толы болған жарыста жүлделі орын алып, университеттің беделін көтерген студенттерге Мұхтар Қазыбекұлы алғысын білдірді.

– Бұл жарыстың нәтижесі кеше немесе бүгінгі күнмен өлшенбейді. Бір медалдің артында қаншама еңбек жатыр. Тынбай шынығып, алған бағытынан қайтпай нағыз ерлік көрсеткен жастарымызға үлкен рахмет айтамын. Ал осы дүлділдерді дайындаған бапкерлердің, жаттықтырушылардың алар орны ерекше. Дұрыс бағдар болмаса ешқандай шәкірт биіктен көріне алмайды. Осы орайда біздің «Спорт ұстаханасының» нағыз мамандары өздерінің біліктіліктерін тағы бір дәлелдегендей. Жалпы 60 ЖОО арасынан 4-орын иелену үлкен жетістік. Әрбір қатысқан студенттің жеңісі біз үшін алтынмен пара-пар-, деп ықыласын білдірді ректор Мұхтар Қазыбекұлы.

Жиын барысында «Сұңқар» спорт клубының төрағасы Дастан Джылысбаев баяндама жасады. Ол өз сөзінде студенттердің қос-қостан алтын алғанын, жарыс барысында дене жарақаттарына қарамай жүлделі орын иеленгендерін атап өтті.

– Кейбір спорт түрлерінен еліміздегі 1 және 2 нөмері болып саналатын студенттеріміз белгілі себептерге байланысты универсиадаға қатыса алмады. Мәселен, Астана қаласында «Елорда кубогына» қатысу үшін Айбек Оралбай, Нұбек Оралбай және Диас Молжігітов, Бейбарыс Жексен Ақтауда өткен боз кілемде бақ сынай алмады. Осы аралықта еркін күрестен Азия чемпионатының өткізілуіне байланысты Юнус Гафуров, Нұрдаулет Қуанышбаев, Санжар Мұхтар атты спортсмен студенттеріміз де жарысқа қатысу мүмкіндігіне ие бола алмады. Дегенмен биылғы команданың жарысқа деген серпілісі ерекше болды. Үздік үштікке бір қадам ғана жете алмадық. Бастысы университеттің «Спорт ұстаханасы» екенін тағы да дәлелдеп қайттық-, дейді Дастан Джылысбаев.

Бокстан қыздар арасында 70 кг. салмақ дәрежесінде бақ сынаған Балжан Асқар төрешілердің дұрыс шешім қабылдамауына байланысты ІІ орын берілген. Алайда, министрліктің өкілі олқылықты байқап Балжан Асқарға алтын медалін қайта таққан.

Республикалық тартысты бәсекеде бақ сынаған спортшыларға және жаттықтырушы-бапкерлерге ректор алғыс хаттар мен дипломдар табыстап, алдағы жарыстарына сәттілік тіледі!

WhatsApp Image 2023 06 29 at 17.04.36

WhatsApp Image 2023 06 29 at 17.05.49

WhatsApp Image 2023 06 29 at 17.06.05

WhatsApp Image 2023 06 29 at 17.06.29

WhatsApp Image 2023 06 29 at 17.06.29 1

WhatsApp Image 2023 06 29 at 17.06.29 2

WhatsApp Image 2023 06 29 at 17.06.29 3

 

Прочитано 517 раз
Top