Профессор-оқытушылар құрамына Халықаралық бағдарламалар туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Халықаралық ынтымақтастық басқармасының ұйымдастыруымен "Халықаралық қорлар мен гранттар, бағдарламалар мен зерттеу стипендиялары" тақырыбында ақпараттық семинар өтті.

Семинар профессор-оқытушылар құрамына жоба бойынша ақпарат беру мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жиында келесі тақырыптар бойынша презентациялар көрсетілді.

  1. Халықаралық қорлар мен гранттар
  1. Зерттеулер мен инновацияларды қаржыландыру бағдарламасы-еуропа көкжиегі
  1. Erasmus + еуропадағы білім беруді, оқытуды, жастарды және спортты қолдау жөніндегі ео бағдарламасы

Семинарда ұсынылған тақырыптар бойынша университеттің «Стратегиялық даму және интернационаландыру» жөніндегі проректоры Шолпан Алтынбекқызы және «Халықаралық ынтымақтастық» басқармасының басшысы Гүлнұр Исабекова сөз сөйледі.

Презентация тақырыптары бойынша халықаралық гранттар, стипендиялар ұсынатын қорлар, бағдарламалардың қатысу шарттары, мерзімдері туралы толық ақпарат берілді. Семинардың қатысушы, яғни институт директорлары, факультет декандары, кафедра меңгерушілері және профессор-оқытушылар құрамы қызығушылықтарын танытып, туындаған сұрақтарын қойды.

 

WhatsApp Image 2023 06 29 at 17.38.05 2

WhatsApp Image 2023 06 29 at 17.38.05 3

Прочитано 705 раз
Top