Шетелдік ғылыми тағылымдадан өту мүмкіндігіне ие болды

Ғылыми тағылымдамалар шеңберінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ озық ғылыми технологияларды трансферттеу мақсатында жыл сайын әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында 500 ғалымның тағылымдамадан өту ұсынады. 

Дулати университетінің Халықаралық ынтымақтастық басқармасы шетелде ғылыми тағылымдамадан өтуге ниет білдірген профессор-оқытушылар құрамына міндетті құжаттар пакетін  рәсімдеу, халықаралық жоғары оқу орындарынан шақыру хат алу және «Халықаралық бағдарламалар орталығы»  АО –мен тікелей үйлестіру жұмыстарын ұйымдастырып отырады.

Бүгінгі күнде университетіміздің «Әлем тілдері» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD Құдабаева Перизат Асанбайқызы және «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD Садирмекова Жанна Бақырбайқызы  "500 ғалым" жобасы бойынша грант иегерлері атанды! Құттықтаймыз!

Прочитано 578 раз
Top