Университет проректоры Есимова Шолпан Алтынбековна Туркия мемлекеті Сакария университетінде іс-сапармен болды. Кездесу барысында Сакария университеті мен Дулати университеті арасында келісім-шартқа қол қойылды. Бұл университет Туркия елінің университеттер рейтингте Топ- 5 үздіктер қатарында.
Меморандумның негізгі мақсаты - Дулати студенттері мен оқытушыларына академиялық ұтқырлық мүмкіндігін арттыру, қос диплом бағдарламасын жоспарлау, Технокент бойынша мүмкіндіктерді қарастыру, жаңа серіктестік орнату, екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Қазір білім беру қызметтерінің нарығы қарқынды дамып келеді. Осы саладағы бәсекелестік те жыл сайын арта түсуде. Ал академиялық ұтқырлық нағыз бірегей білім беру бағдарламасы. Бұл мемлекеттік және кейбір коммерциялық университеттердің студенттеріне 1-2 семестрге әлемнің кез келген басқа университетіне оқуға кетуге мүмкіндік береді. Дулати университеті осы жобаның тиімділігін өте ұтымды пайдаланып отыр.
Бұл Дулати университетінің Сакария университетімен алғашқы серіктестігі.