Қос диплом: Дулати Университеті және Ресей химия-технологиялық университеті.

«Қос дипломды» білім беру бағдарламасы аясында Ресейде бір жыл білім алуға мүмкіндік алған жамбылдық жастар Мәскеу қаласына барды.

 Жаңа оқу жылынан бастап Дулати университеті, Менделеев университеті және «Қазфосфат» ЖШС бірлесіп, желілік кампусты іске қосты.

Желілік білім беру бағдарламасымен оқу үшін Менделеев университетіне барған М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 3-курс студенттерін ресейлік оқу орнының басшылығы жатақханаға тегін орналастырды. Студенттер жыл бойы «Бейорганикалық заттар технологиясы» білім беру бағдарламасының бейіндік пәндерінің циклін зерттейді.

Мәскеуге барған студенттер білім беру бағдарламасының арнайы пәндерін игеруі тиіс және РХТУ-дің химия зертханаларында тәжірибелік зерттеулер жүргізеді. Түпкі мақсат – Қазақстанның химия өнеркәсібі кәсіпорындары үшін жоғары білікті мамандарды даярлау.

2

3

4

Прочитано 579 раз
Top