«Адалдық, бірлік, еңбек, қоғамдық сана мен ұлттық сана, ұлттық мүдде»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған алдыңғы Жолдауларында: Сындарлы қоғамдық диалог - «Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі»; «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі»; Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі»; «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» мәселелері қарастырылған еді. Енді биылға Жолдауы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын тыңдадық.
 
Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде «Шын мәнінде, көп жұмыс атқарылды, болашақта да өз жалғасын табады» дей келе адамзат болашағына қатысты дамыған ел қатарында болу үшін біздің тек ғана саяси реформалармен шектеліп қалмауымыз керек екендігін атады. Кез-келген елдің ауқатты және өркениетті, алдыңғы қатарлы ел, мемлекет болуы үшін жан-жақты әлеуметтік-экономикалық реформаға негізінде даму қажеттілін атап өтті. Дей тұрғанменен, әлемдегі халықаралық геосаяси жағдайға да көңіл аударып, халқымыздың, яғни «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» бойынша қандай ауқымды істер атқару жолдары мен бағыттарын жан-жақты нақтылап айтты.
Мәселен:
- еліміздің мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастыру;
- шетелдердегідей Қазақстанда да туризмді дамыту;
- азаматтық, қоғамдық қарым-қатынастың ашық болуын қолдану, сондай-ақ қоғамдық мониторинг институтын енгізу арқылы қамтамасыз ету мәселесін қолға алу;
- цифрландыру ісін дамыту;
- жалпы елдің жан-жақты дамуы үшін «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң қабылдау мәселесі;
- әлеуметтік –экономикалық даму бағытындағы барлық салаларда инновациялық инфрастуктураны жетілдіру;
- шығармашылықты дамыту – кино, музыка, тұлғаның интелетуалды дамуына жағдай жасау және т.б. көптеген әлеуметтік-экономикалық мәселелерді көтерді.
Сонымен қатар ел басшысы: «Еліміздегі демографиялық өсім білімге деген сұранысты арттырады. Мемлекеттің білім саласына қатысты жұмысында тұтастық, яғни жүйе жоқ. Тіпті, өзара байланыс жоқ деуге болады. Сондықтан бес жастан асқан балаларға арналған «Келешек» атты бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізуді тапсырамын», - деп нақты айтты.
Президент Қ.Тоқаев өз жолдауында халқымыздың игілігі үшін барынша болашақ ұрпақ үшін қажетті жағдайлардың – білім алу, тәрбие және олардың келешекке зор сенімменен қарап өмір сүруі үшін жасалынатын барлық факторларға тоқталып өтті. Мұндағы зорлық, зомбылықсыз олардың психологиялық тұрғыдан қолайлы, моральдық ортада өмір сүруіне жайлы жағдай жасау. Мәселен оқу орындарындағы білім сапасын арттыру, әсіресе жастардың тәрбие, білім алуға құштарлығын арттыру, интернет, білімдегі цифрлық экономика, техникалық қажеттіліктермен т.б. қамтамасыз ету. Білім саласындағы өзара байланыстың болуын жүйеге келтіру мәселелері және нақты «Келешек» атты бірыңғай жүйе орнату жайлы сөз етті. Айта берсек, қазіргі заманауи технология, су, энергия ресурстары, бюджет, қаржылық сауаттылық, кредит, орта және шағын бизнес, сауда-саттық, инфраструктура, жасыл экономика, мәдениет, ұлттық қор, жол, көлік логистикасы, геологиялық зерттеулер және т.б. мәселелер бойынша тоқталып, тиісті органдарға нақты тапсырмалар берді. Бұл алға қойылған міндерттерді мүмкіндігінше белгіленген мерзімде іске асыруда баршамыздың жұмыла «бір атаның баласындай жауапкершілікпен қолға алып еліміздің өркендеуіне үлес қосу болып табылады.
Осы тұста айта кететін бір жайт міндетті түрде адалдық, бірлік, еңбек, қоғамдық сана мен ұлттық сана, ұлттық мүддені ұмытпағанымыз абзал. Сол кезде ғана еліміздің даму бағыттарына сай әділетті Қазақ елі дамиды.
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
Ф.ғ.к., қ.проф. Құламанова Зиба Абдуллақызы
Прочитано 717 раз
Top