MOOC – бұл «Жаппай ашық онлайн курстар»

Онлайн курстарды студенттер тікелей интернет ресурстарын пайдалану арқылы оқи алады және қатысуға ұсыныс білдірген барлық қатысушылар қабылданады.  
 
MOOC – кез-келген уақытта қосымша пәндер мен бірнеше тілді және бизнес жобалар мен бағдарламаларды меңгерудің бірегей жолы.
 
Ашық онлайн курстардың көптеген артықшылықтары бар:
Көбінесе аз ақшаға сіз курсты сәтті аяқтағаныңызды растайтын сертификат ала аласыз. Әдетте, мұндай курстарды шетелдік университеттердің нағыз оқытушылары жүргізеді. Елестетіп көріңізші: сіз Гарвард профессорларынан тегін дәріс аласыз! Мысалы «Coursera» платформасында өткен оқу жылынан бастап отандық ғалымдарымыз дәрістері көбейіп, студенттер үздік курстардың қатысушысы атанды.
Уақытты үнемдеуге көмектеседі. Қазіргі таңда бір мамандықпен шектеліп қалуға болмайды. Сондықтан бірнеше саланы қатар игеру үшін университет тарапынан ұсынылған курстарға қатысып, біліміңізді жетілдіруге шақырамыз!
Прочитано 788 раз
Top