Ғылым мен бизнесті интеграциялау аясындағы форум

Кездесудің алғашқы күні "Ғылым қоры" акционерлік қоғамы өкілдері университет ғалымдарымен кездесіп, технологияларды коммерцияландыру грантына сәтті өтінімді қалай дайындау, ғылым мен бизнесті біріктіру мүмкіндіктері тақырыбында ақпарат берді. Форумның мақсаты -облысымыздағы кәсіпкерлермен бірлесіп коммерцияландыру жобаларын іске асыруға жәрдемдесу. 2 күнге созылған жиынның басты ұйымдастырушылары "Ғылым және цифрландыру жөніндегі проректор" Сейтжан Орынбаев және Ғылым және коммерцияландыру департаменті қызметкерлері болды. Университеттің ғылыми жаңалықтарын өндіріске енгізу мақсатында жоспарланған бұл жиын көптің көңілінен шықты.

Бизнес өкілдерері мен ғалымдар бас қосқан жиында университет ректоры Мұхтар Байжұманов форумның маңыздылығына тоқталып, ғалымдар үшін жақсы мүмкіндік екенін атап өтті.

Жамбыл облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Руслан Маскауұлы білім беру саласындағы цифрлық технологияларды дамытудың өзектілігін айтты.

Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқарма басшысының орынбасары Гүлнұр Қойшыбекқызы бизнес идеяларды қаржыландыруда атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімет берді. 2,5% -бен бизнесті дамытуға несие берілетінін жеткізді. Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Айбар Әбдіқадыров инновациялық идеяларды қаржыландыруда кездесетін кедергілерге тоқталды. Қаржыландыру көлемі аз болғандықтан, инновациялық идеяларды жүзеге асыру көрсеткіші төмендігін атап өтті.

"Ғылым қоры" акционерлік қоғамының Инвестициялар және жаңа жобалар департаментінің директоры Омаров Құрманғазы ғылым мен бизнесті байланыстыру мақсатында ұйымдастырылған жиын ғалымдар үшін пайдалы боларына сенім білдірді.

– Дулати университеті ғалымдарының патенциалы жоғары. Екі күндік форум аясында біраз мәселе талқыланды. Экономикасы дамыған мықты елдердің қатарына қосылуда ғылым жетекші рөл ойнайды. Біздің қор отандық ғалымдарымыздың жобаларын, өнертабыстарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Басты мақсатымыз гранттық қаржыландырудың қолжетімді екенін көрсету,-деген Құрманғазы Құралұлы гранттық қаржыландырудың талаптарын айтып берді. Бір жобаны 350 млн теңге көлемінде қаржыландыратын мүмкіндік бұған дейін болмағанын және осы мүмкіндікті сәтті пайдалану керегін жеткізді. Ғалымдар мен бизнес өкілдерін белсенді атсалысуға шақырды.

"Ғылым қоры" АҚ инвестициялар және Жаңа жобалар департаментінің бас менеджері Юлия Вяткина ғылыми серіктес табу мәселесін қозғады. Ғалымдарды бизнес өкілдері түсінбей жақсы жобалар жүзеге аспай жататын жағдайлар туралы айтты. Сондай-ақ, бизнес өкілдеріне дайын жобалармен танысуға мүмкіндік барын жеткізді.

Университет қабырғасында форумның өтуіне мұрындық болған Коммерцияландыру бөлімінің басшысы Салтанат Бектұрғанова университет ғалымдарының ғылыми жетістіктеріне тоқталды. Конкурсқа дайын алты ғалымның жұмысы жайлы мәліметімен бөлісті.

Форум аясында Мелиорация және агрономия кафедрасының аға оқытушысы Хамбар Тұрсынбаев пен техника ғылымдарының кандидаты Халипа Садиева ғылыми жобаларын таныстырды.

Іс-шара соңында қатысушылар алғысхатпен марапатталды.

WhatsApp Image 2023 11 03 at 18.13.19

WhatsApp Image 2023 11 03 at 18.13.19 1

WhatsApp Image 2023 11 03 at 18.13.19 2

WhatsApp Image 2023 11 03 at 18.13.20

WhatsApp Image 2023 11 03 at 18.13.20 1

WhatsApp Image 2023 11 03 at 18.13.20 2

 

 

 

 

Прочитано 747 раз
Top