Бос лауазымдық орындарға конкурс

«М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті»

коммерциялық емес акционерлік қоғамы

бос лауазымдық орындарға конкурс жариялайды:

 

«СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ТАБИҒАТҚА ҮЙЛЕСІРУ» ИНСТИТУТЫ БОЙЫНША:

Директор – 1 бірлік

 

« ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» ФАКУЛЬТЕТІ

БОЙЫНША:

Декан – 1 бірлік

 

«ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР» ФАКУЛЬТЕТІ

БОЙЫНША:

Декан – 1 бірлік

 

«ФИЛОЛОГИЯ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР» ФАКУЛЬТЕТІ БОЙЫНША:

Декан – 1 бірлік

 

«ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ» ФАКУЛЬТЕТІ

БОЙЫНША:

Декан – 1 бірлік

«ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ АЛҒАШҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ» ФАКУЛЬТЕТІ

БОЙЫНША:

Декан – 1 бірлік

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

- «М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» КЕ АҚ Басқарма Төрағасы - Ректордың атына жазылған өтініш;

- кадрларды есепке алу бойынша жеке іс парағы;

- жеке куәлік көшірмесі;

- өмірбаян;

- резюме;

- соңғы жұмыс орнынан мінездеме;

- жоғары білімі мен академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттың нотариалды расталған көшірмелері;

- біліктілікті арттыру және қайта даярлау туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;

- ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда);

- денсаулығы туралы медициналық (санитарлық) кітапша;

- соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама;

- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама;

- ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының тіркеуде тұрмайтыны туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;

- ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының тіркеуде тұрмайтыны туралы психоневрологиялық ұйымның анықтамасы;

- Қызмет нәтижелері туралы презентация (қағаз және электрондық түрде, көлемі 10 слайдтан артық емес).

Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар), сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.

Институт директорының біліктілігіне қойылатын талаптар:

Негізгі талаптар

- жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

- ғылыми дәрежесінің (немесе PhD дәрежесінің) және атағының болуы;

- білім беру ұйымдарындағы басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі (кафедра меңгерушісі, институт директорының орынбасары, ЖОО құрылымдық бөлімшелерінің басшысы) кемінде 5 жыл;

- ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі 10 жылдан астам;

- зейнет жасында болмауы;

- мемлекеттік тілде сабақ өткізу тәжірибесінің болуы;

- университет әкімшілігінің, білім алушылар мен оқытушылардан «Университет ПОҚ, қызметкерлері мен білім алушыларының академиялық адалдық ережелеріне» сәйкес ескертулері мен наразылықтарының болмауы.

Қосымша талаптар

- соңғы 5 жылда білім беру менеджменті бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы;

- оқу, оқу-әдістемелік (оқу-әдістемелік құралдар мен білім беру бағдарламаларының (ББ) авторлары болып табылатын) және ғылыми қызметтерде (соңғы 5 жыл ішінде ҚР БҒМ БҒССҚК ұсынған ғылыми басылымдар тізбесіне енгізілген басылымдарда және халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда кемінде 5 ғылыми мақалаларды жариялауы) жетістіктердің болуы.

Факультет деканының біліктілігіне қойылатын талаптар:

Негізгі талаптар

- жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

- ғылыми дәрежесінің (немесе PhD дәрежесінің) болуы;

- білім беру ұйымдарындағы басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі (кафедра меңгерушісі, факультет деканының орынбасары, ЖОО құрылымдық бөлімшелерінің басшысы) кемінде 5 жыл;

- ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі 10 жылдан астам;

- зейнет жасында болмауы;

- мемлекеттік тілде сабақ өткізу тәжірибесінің болуы;

- университет әкімшілігінің, білім алушылар мен оқытушылардан «Университет ПОҚ, қызметкерлері мен білім алушыларының академиялық адалдық ережелеріне» сәйкес ескертулері мен наразылықтарының болмауы.

Қосымша талаптар

- соңғы 5 жылда білім беру менеджменті бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы;

- оқу, оқу-әдістемелік (оқу-әдістемелік құралдар мен білім беру бағдарламаларының (ББ) авторлары болып табылатын) және ғылыми қызметтерде (соңғы 5 жыл ішінде ҚР БҒМ БҒССҚК ұсынған ғылыми басылымдар тізбесіне енгізілген басылымдарда және халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда кемінде 5 ғылыми мақалаларды жариялауы) жетістіктердің болуы.

Өтініш беру мерзімі: хабарландыру университеттің http://dulaty.kz. сайтында жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күннен кешіктірілмеуі тиіс, 2023 жылғы қарашаның 13 мен 22 күндері аралығында.

Мекен-жайымыз: 080000, Тараз қаласы, Ы. Сүлейменов көшесі, 7, 101 бөлме (1.1 корпус) (Персоналды басқару қызметі), тел. 8-(7262)-43-27-77, 8-(7262)-43-26-38, e.mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Прочитано 797 раз
Top