«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді халқымыз. Адам бойындағы ең жақсы қасиет – жомарттық пен кеңпейілділік. Жомарт болу дегеніміз қолыңдағы барыңмен мұқтаж адаммен бөлісу. Жомарт адам бойындағы ізгі қасиетін, таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсетіп, әрдайым қажет еткен жанға көмек қолын созып жүреді. Қайырымдылық жасау кез келген адамның қолынан келетін іс. Ондай адам рухани құндылықтарды материалдық құндылықтардан жоғары қояды. Өзінің жанашырлығы мен таза ниетімен ерекшеленеді. Мұқтаж адамдардың қажеттіліктеріне немқұрайлы қарамай, оларға барынша көмек көрсетуге тырысады. Осыған орай Жаратылыстану ғылымдары факультеті, «Биология» кафедрасының ұйымдастыруымен 2 және 3 курс студенттері кураторларымен №3 «Мейірім» мектеп-интернатына барып, мүмкіндігі шектеулі балаларға қамқорлық көрсетті. Сыйлықтар беріп, арнайы аниматорлық костюмдермен ойындар ойнатып, ерекше көңіл-күй сыйлап қайтты.