ЖЕЛТОҚСАН ЖАЙЛЫ СЫР ШЕРТТІ

Музыка және көркем білім кафедрасының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік – желтоқсан шежіресі» тақырыбында Желтоқсан көтерілісіне қатысушылармен кездесу өтті. 

Сазды-сыр сұхбатта кафедра студенттері патриоттық әндер айтып, күй тартты. Егемендік, елдік жайлы жалынды жырлар оқыды. Арнайы шақырылған қонақтар – Желтоқсан көтерілісіне қатысушылар Исмайл Қажымұратов, Света Иманкулова және композитор, күйші, мәдениет қайраткері Аман Малдыбаев өз естеліктерімен бөлісті. Көздерімен көрген қанды қырғынды, қастандық пен аяусыз жазалау жайлы тебірене айтып берді. Желтоқсан ардагерлері сол кездегі жастардың ерлігі, қажымас қайсарлығы туралы сыр шертті. Жастарға жасалған аяусыз қастық, қатаң жаза, жантүршігерлік қылмыстың қасіреті жайлы көргендерін үлкен тебіреніспен жеткізді.  Сол күндер қайта келмесін, Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз мәңгілік болсын деген тілектерін білдірді.

Өнерлі жастар «Балбырауын», «Ер Тұран» күйін шертті, «Егеменді елім», «Қазақстаным» әндерін жырлады.

Студенттер Желтоқсан ардагерлеріне өз алғыстарын білдіріп, құрмет көрсетті. Іс-шараның ұйымдастырушылары Музыка және көркем білім кафедрасының аға оқытушылары Маржан Жантаева мен Жанар Рысжанова студенттердің өнеріне жоғары баға беріп, ардагерлердің жан тебірентер естеліктерімен бөліскеніне алғыс айтты.

2

3

4 

Прочитано 784 раз
Top