Дулати университетінің ғалымы баспаналы болды

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Отбасы банк» АҚ арасындағы келісім аясында Дулати университетінің жас ғалымы Амангүл Игисинова баспаналы болды.

Жас ғалымдарға кредит беру бағдарламасы – бұл Қазақстан Республикасының  ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарының тұрғын үйге мұқтаж ғылыми қызметкерлерін қолдауға бағытталған ипотекалық бағдарлама.

Аталмыш бағдарламаға қатысқан әріптесіміз Амангүл Сейтқасымқызы үйлі болып, көптен күткен қуанышына жетіп отыр.

Отбасы банктің жас ғалымдарды қолдауға бағытталған бағдарламаға қатысу үшін кемінде 3 жыл ғылыми-зерттеу жұмыс өтілі, ғылыми дәрежесі магистр деңгейінен төмен болмау керек. 40 жасқа дейінгі ғалымдар қатыса алады. (40 жасты қоса алғанда) Бағдарламаға жүгініп баспаналы боламын деген жас ғалым жоғары оқу орнының бірінші басшылары қол қойған жолдамамен «Отбасы банк» АҚ-ға жүгінеді.

Амангүл Игисинова Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы, филология магистрі. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің  докторантурасын тәмамдаған.  Ғалым «Неміс және қазақ тілдеріндегі себеп-салдар білдіретін шылаулар», «Неміс және қазақ тілдеріндегі себеп-салдар білдіретін шылаулардың қолданылуы мен сөйлемдегі қызметі», «Проблема переключения кодов в лингвистике», «Неміс тіліндегі көмекші сөздер сипаттамалары»,  «Тіл біліміндегі шылаулардың зерттелуі», «Германистиканың даму жолдары», «Кірме сөздер»,  «Стереотиптер жіктелімі: гендерлік стереотиптер ерекшеліктері» тақырыптарында зерттеу жүргізіп, мақала жазып халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысқан. Мақалалары халықаралық, республикалық ғылыми басылымдарда жарық көрді.

Әріптесімізді қуанышымен құттықтаймыз! Алдағы уақытта оқу ордамыздың басқа да жас ғалымдары осындай жақсылыққа жетіп, баспаналы болады деп сенеміз.

Прочитано 720 раз
Top