Дулати Университетінде Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігінің сыртқы эксперттер визиті ұйымдастырылды

Аккредитациялау - жоғары оқу орындары қызметiнiң түпкi нәтижесiнiң жоғары деңгейiн мемлекет пен қоғамның тану актiсi. 2023 жылы «Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігімен» мамандандырылған аккредиттеу жүргізу бойынша № 78/2-СА келісімшарт жасалған болатын. Дулати университетінде қазіргі уақытта 177 білім бағдарламасы бойынша қызмет көрсетілуде. Оқу орнында 49 білім бағдарламасы бойынша өзіндік бағалау есептері әзірленіп, агенттік эксперттеріне жолданды. Жақында ғана, 22-31 қаңтар аралығында  университетімізге IAAR агенттігінің сыртқы эксперттер визиті ұйымдастырылды. 3 кезең бойынша жүретін бұл процесте офлайн түрде 17 сыртқы эксперт, онлайн түрде 35, барлығы 52 сыртқы эксперт қатысты.

Үш кезеңмен өткен аккредитттеу процесі барысында сыртқы эксперттерге университет басшылығымен, барлық құрылым басшыларымен, факультет декандары және кафедра меңгерушілерімен, оқытушылармен, білімгерлер мен бітіруші түлектер және жұмысберуші өкілдерімен интервью-кездесу ұйымдастырылды. Сұхбатқа жалпы саны 700-ге жуық адам қатысты. Процесс барысында оқытушылар мен білімгерлер агенттік әзірлеген сауалнамаға қатысты. Сонымен қатар, сарапшы мамандар кафедралардың оқу-материалдық базасын аралап көрді, сабақ кестесіне сәйкес өтіп жатқан сабақтарға қатысып,  практика базаларын аралады. Оқу үдерісіне қатысты ішкі нормативтік құжаттарды алдырып, сараптаулар жасады және білім бағдарламаларының тиімділігін күшейту жөнінде кеңестерін берді. Сыртқы эксперттер комиссиясының визиті бағдарламасына сәйкес, әр кезең соңында сарапшылар университет басшылығымен кездесіп, қорытынды кездесулер өткізіп отырды. Қорытынды кездесуде олар ұсынылған өзін-өзі бағалау есебі негізінде, сонымен қатар Дулати университеті ұсынған құжаттарды зерделеу, материалдық-техникалық базаны тексеру және қызметкерлермен, студенттермен сұхбат, жұмыс берушілер мен түлектермен кездесуден соң, сараптамалық топ білім беру бағдарламасының тиімділігін одан әрі арттыру мақсатында бірқатар ұсынымдар жасады.

2

2

2

2

2

2

2

2

2

Прочитано 584 раз
Top