Республикалық оқу-әдістемелік бірлестігі кеңесінің отырысы өтті

2024 жылғы 1 ақпанда Дулати университетінде «Су шаруашылығы» бағыты бойынша жобаларды басқару тобының Республикалық оқу-әдістемелік бірлестігі (ЖБТ ОӘБ) кеңесінің отырысы өтті. Осы іс-шара аясында Қазақстан Республикасы үшін су шаруашылығы кадрларын (гидротехник инженерлерді) даярлауға байланысты бірінші кезектегі мәселелер қарастырылды.

Осы орайда «Су шаруашылығы» бағыты бойынша ЖБТ ОӘБ жоспарына енген таяу кезеңдерге арналған негізгі жұмыс бағыттары айқындалды. Ол үшін соңғы талаптарға сәйкес су шаруашылығы мамандарының қызмет саласы біріздендіріліп, кеңейтілді және білім беру бағдарламалары бойынша пәнаралық байланыстарды ескере отырып, кадрлар даярлаудың жаңа бағыттары айқындалды. Инженерлік кадрларды даярлаудың заманауи талаптарына сәйкес «Су шаруашылығы» бағыты бойынша жаңа білім беру бағдарламаларын ашу туралы ұсыныстар қарастырылды, атап айтқанда, оларға: «Мелиоративтік жұмыстарды механикаландыру», «Гидромелиорация», «Гидроэнергетика», «Су дипломатиясы», «Су шаруашылығының экономикасы» білім беру бағдарламалары жатады.

Жоғарыда атап көрсетілген мәселелерді шешу үшін және су шаруашылығы саласына арнап кадр даярлау мақсатында Дулати Университеті жоғары білім және жоғары білімнен кейінгі білім беретін негізгі ұйым ретінде белгіленді.

Қазіргі уақытта жетекші жоғары оқу орындарымен «Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институты» Ұлттық зерттеу университетімен су шаруашылығы саласына кадрларды бірлесіп даярлау мәселелері бойынша және Д.И. Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетімен кадрларды даярлау және химиялық талдаулар жасау әрі суды тазарту жұмыстарын бірлесіп атқару жүзеге асырылуда.

РОӘБ кеңесінің отырысында жұмыс жоспары бекітіліп, Кеңестің жаңа құрамын қалыптастыру ұсынылды, ол құрамға Қазақстан Республикасының алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындары мен су шаруашылығы саласындағы жетекші орындағы ұйымдар кірді.

Бұдан бөлек, ЖБТ ОӘБ жұмысы барысында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің су мамандарын даярлау бойынша 2023 жылға арналған «Жол картасын» іске асыру кезеңдері туралы ақпарат берілді.

4 2

3 2

2 2

Прочитано 495 раз
Top