АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ТАҒЗЫМ

Биыл Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толды. Осыған орай Дулати университетінің Әскери кафедрасы «Ер есімі ел есінде» тақырыбында ерлік сағатын өткізді.

Студент жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға Ауған соғысының ардагерлері – запастағы кіші сержант Бөкенбай Мұсаев, запастағы сержант Бекболат Таңатаров, запастағы зержант Ерхан Жылгелдиев арнайы келіп қатысты.

Кездесу барысында «Ауған соғысы: басталу себептері, соғыс барысы, соғыс қорытындысы» фильмін көрсете отырып, қазіргі замандағы ұрыс жүргізу тактикасына, жаңа қару-жарақ мүмкіндіктеріне тоқталып, студенттерге түсіндірді.

Басқарма мүшесі – әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Аслан Тұрлыбек кездесу барысында сөз алды. Соғыс қай заманда да қоғам үшін, халық үшін ауыр қасірет екенін тілге тиек етіп, ардагерлерге құрмет көрсету ұрпақ алдындағы басты парыз екеніне тоқталды.

Соғыс ардагерлері өз естеліктерімен бөлісіп, соғыстың қиыншылықтары мен ерлік турасында әңгіме өрбітті. Студент жастардың сұрақтарына жауынгер ардагерлер жауап берді.

photo 2024 02 15 11 40 37

photo 2024 02 15 11 40 30

Прочитано 515 раз
Top