ХАБАРЛАНДЫРУ «М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы бос лауазымдық орындарға конкурс жариялайды:

 

1.

«Су шаруашылығы және табиғатқа үйлесіру» институтының директоры – 1 бірлік;

2.

«Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық» факультетінің деканы – 1 бірлік;

«Жаратылыстану ғылымдары»  факультеті бойынша:

1.     1.

«Математика» кафедрасының  меңгерушісі – 1 бірлік;

2.     2.

«Физика және информатика» кафедрасының меңгерушісі-1 бірлік;

3.     3.

«Химия» кафедрасының  меңгерушісі – 1 бірлік;

4.     4.

«Биология» кафедрасының меңгерушісі – 1 бірлік;

«Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультеті бойынша:

5.     5.

«Музыка және көркемдік білім» кафедрасының меңгерушісі – 1 бірлік;

6.     6.

«Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының меңгерушісі- 1 бірлік;

7.     7.

«Әлеуметтік психология» кафедрасының меңгерушісі- 1 бірлік;

«Филология және гуманитарлық ғылымдар» факультеті бойынша:

8.     8.

«Орыс тілі және әдебиет» кафедрасының меңгерушісі – 1 бірлік;

9.     9.

«Шетел филологиясы және аударма ісі» кафедрасының  меңгерушісі – 1 бірлік;

10.

«Практикалық шетел тілдері» кафедрасының меңгерушісі – 1 бірлік;

«Технологиялық» факультеті   бойынша:

11.

«Дизайн және сән индустриясы» кафедрасының меңгерушісі– 1 бірлік;

12.

«Ақпараттық жүйелер» кафедрасының меңгерушісі -  1 бірлік;

«Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру» институты бойынша:

13.

«Энергетика» кафедрасының меңгерушісі -  1 бірлік;

14.

«Көлік және машина жасау» кафедрасының меңгерушісі -  1 бірлік;

15.

«Су ресурстары» кафедрасының меңгерушісі – 1 бірлік;

16.

«Мелиорация және агрономия» кафедрасының меңгерушісі – 1бірлік;

17.

«Жерге орналастыру және кадастр» кафедрасының меңгерушісі-1 бірлік;

18.

«Экология және тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі» кафедрасының меңгерушісі-1 бірлік;

19.

«Құрылыс және материалдар өндіру» кафедрасының меңгерушісі-1 бірлік,

20.

«Мұнай, газ және тау-кен ісі» кафедрасының меңгерушісі – 1 бірлік;

«Экономика және құқық» факультеті бойынша:

21.

«Мемлекеттік және әкімшілік құқық» кафедрасының меңгеруші-1 бірлік;

22.

«Азаматтық құқық және процесс» кафедрасының меңгерушісі-1 бірлік;

23.

«Қылмыстық құқық және процесс» кафедрасының меңгерушісі -1 бірлік;

24.

«Туризм және сервис» кафедрасының меңгерушісі – 1 бірлік;

«Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық»  факультеті бойынша:

25.

«Спортық пәндердің әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі-1 бірлік;

26.

«Дене шынықтыру» кафедрасының меңгерушісі-1 бірлік;

27.

«Алғашқы әскери дайындық» кафедрасының меңгерушісі-1 бірлік.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

- «М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» КЕ АҚ Басқарма Төрағасы - Ректордың атына жазылған өтініш;

- кадрларды есепке алу бойынша жеке іс парағы;

- жеке куәлік көшірмесі;

- өмірбаян;

- резюме;

- соңғы жұмыс орнынан мінездеме;

- жоғары білімі мен академиялық және ғылыми дәрежесі  туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттың нотариалды расталған көшірмелері;

- біліктілікті арттыру және қайта даярлау туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;

- ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда);

- денсаулығы туралы медициналық (санитарлық) кітапша;

- соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама;

- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама;

- ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі                           № 272 бұйрығымен бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының тіркеуде тұрмайтыны туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы; 

- ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі                              № 272 бұйрығымен бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының тіркеуде тұрмайтыны туралы психоневрологиялық ұйымның анықтамасы;

- Қызмет нәтижелері туралы презентация (қағаз және электрондық түрде, көлемі 10 слайдтан артық емес).

            Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар), сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.

Институт директорының біліктілігіне қойылатын талаптар:

Негізгі талаптар

- жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

- ғылыми дәрежесінің (немесе PhD дәрежесінің) және ғылыми атағының болуы;

- білім беру ұйымдарындағы басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі (кафедра меңгерушісі, институт директорының орынбасары, ЖОО құрылымдық бөлімшелерінің басшысы) кемінде 5 жыл;

- ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі 10 жылдан астам;

- зейнет жасында болмауы;

- мемлекеттік тілде сабақ өткізу тәжірибесінің болуы;

- университет әкімшілігінің, білім алушылар мен оқытушылардан «Университет ПОҚ, қызметкерлері мен білім алушыларының академиялық адалдық ережелеріне» сәйкес ескертулері мен наразылықтарының болмауы.

Қосымша талаптар

- соңғы 5 жылда білім беру менеджменті бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы;

- оқу, оқу-әдістемелік (оқу-әдістемелік құралдар мен білім беру бағдарламаларының (ББ) авторлары болып табылатын) және ғылыми қызметтерде (соңғы 5 жыл ішінде ҚР БҒМ БҒССҚК ұсынған ғылыми басылымдар тізбесіне енгізілген басылымдарда және халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда кемінде 5 ғылыми мақалаларды жариялауы) жетістіктердің болуы.

Факультет деканының біліктілігіне қойылатын талаптар:

Негізгі талаптар

- жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

- ғылыми дәрежесінің (немесе PhD дәрежесінің) болуы;

- білім беру ұйымдарындағы басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі (кафедра меңгерушісі, факультет деканының орынбасары, ЖОО құрылымдық бөлімшелерінің басшысы) кемінде 5 жыл;

- ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі 10 жылдан астам;

- зейнет жасында болмауы;

- мемлекеттік тілде сабақ өткізу тәжірибесінің болуы;

- университет әкімшілігінің, білім алушылар мен оқытушылардан «Университет ПОҚ, қызметкерлері мен білім алушыларының академиялық адалдық ережелеріне» сәйкес ескертулері мен наразылықтарының болмауы.

Қосымша талаптар

- соңғы 5 жылда білім беру менеджменті бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы;

- оқу, оқу-әдістемелік (оқу-әдістемелік құралдар мен білім беру бағдарламаларының (ББ) авторлары болып табылатын) және ғылыми қызметтерде (соңғы 5 жыл ішінде ҚР БҒМ БҒССҚК ұсынған ғылыми басылымдар тізбесіне енгізілген басылымдарда және халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда кемінде 5 ғылыми мақалаларды жариялауы) жетістіктердің болуы.

 

Кафедра меңгерушісінің біліктілігіне қойылатын талаптар:

Негізгі талаптар

- Кафедраның Білім бағдарламаларына сәйкес келетін жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

- Ғылыми дәрежесінің (немесе PhD дәрежесінің) болуы;

- Ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес немесе мамандығы бойынша өндірістік өтілі 5 жылдан кем емес;

- Мемлекеттік тілде сабақ өткізу тәжірибесі;

- Шығармашылық сипаттағы  Білім бағдарламалары бойынша мамандар даярлауды жүзеге асыратын кафедраларда (Дене шынықтыру және спорт, Мәдени-бос уақыт жұмысы, Дизайн, Көркем еңбек және сызу, Бастапқы әскери дайындық, Хореография) «Еңбек сіңірген», «Құрметті» және  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік наградалары бар, подполковниктен төмен емес әскери атағы, спорт шебері, спорт және өнер бойынша континентальдық және әлемдік ресми біріншіліктердің жеңімпаздары және т.б. Қазақстан Республикасы ресми танылған атақтары бар маман басқара алады. Жоғарыда аталған атақтардың иегерлері «Қауымдастырылған профессор» ғылыми атағына теңестіріледі;

- Университет әкімшілігінің, білім алушылар мен оқытушылардан «Университет ПОҚ, қызметкерлері мен білім алушыларының академиялық адалдық ережелеріне» сәйкес ескертулері мен наразылықтарының болмауы.

Қосымша талаптар

- Соңғы 5 жыл ішінде біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы;

- «Оқытушы студенттер көзімен» сауалнамасы бойынша нәтижелер 7,0-ден астам болуы;

- Оқу, оқу-әдістемелік (оқу-әдістемелік құралдар мен білім беру бағдарламаларының (ББ) авторлары болып табылатын) және ғылыми қызметтерде (соңғы 5 жыл ішінде ҚР БҒМ БҒССҚК ұсынған ғылыми басылымдар тізбесіне енгізілген басылымдарда және халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда кемінде 5 ғылыми мақалаларды жариялауы) жетістіктердің болуы.   

 

Конкурсқа қатысу үшін өтініш беру мерзімі: хабарландыру университеттің http://dulaty.kz. сайтында жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күннен  кешіктірілмеуі тиіс, 2024 жылғы  ақпанның 15 мен 24  күндері аралығында.

Құжаттар  мына мекен-жай бойынша қабылданады: 080000, Тараз қаласы, Төле би көшесі, 62,  № 109  бөлме  (Персоналды басқару қызметі), тел. 8-(7262)-43-26-38, e.mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс..

Ақпаратты келесі әлеуметтік платформаларда қараңыз:  http://dulaty.kz., https://www.instagram.com.

 

 

 

 

Прочитано 1595 раз
Top