Дулати университеті қабырғасында облыс бойынша Экономикалық тергеп-тексеру Департаменті 4-курс студенттерімен кездесу өткізді.
«Қаржы, Экономика , Банк және сақтандыру ісі», «Құқық», «Ақпараттық технологиялар», «Көпарналы талшықты-оптикалық байланыс желілері және жүйелері», «Басқару жүйесіндегі автоматтандыру және ақпараттандыру» білім беру бағдарламаларының 4-курс студенттері облыс бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері кездесіп, дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараны университеттің Академиялық жұмыс жөніндегі департамент директорының м.а. Сәуле Алимбаева жүргізді.
Дөңгелек үстелге Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің (ұйымдастыру-бақылау басқармасының аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Ж.К. Исатаев және Әкімшілік басқармасының басшысы Д.М. Бошаева қатысты. Басқарманың тергеушісі Ж.К.Исатаев департаментте қызмет атқару ерекшеліктерін, қаржылық сауаттылық туралы, Д.М.Бошаева тергеп-тексеру департаментіне жұмысқа орналасу барысы бойынша ақпарат берді. Іс-шараның соңында студенттер өздерін қызықтыратын сұрақтарына жауап алды.