Есірткінің зияны мен зардабы ескертілді

Әлеуметтік жұмыс басқармасының бастауымен «Біз есірткіге қарсымыз – біз өмірді қолдаймыз!» тақырыбы аясында кездесу өтті.

Кездесуге Жамбыл облысы Полиция Департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция майорлары Андрей Сухарев,Айгерім Каукешова және Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ ұйымдастыру және жастар бастамаларын қолдау секторының жастар ісі жөніндегі маманы Ақтолқын Әмірбекова арнайы келіп қатысты.

Кездесу мақсаты – қазіргі адамзат ұрпағына төніп тұрған нашақорлық кеселінің өршіп тұрғанына байланысты, қоғамға, халыққа осы дерттің зардабын түсіндіру. Есірткіге қатысты ахуал, жасөспірімдермен және жастармен профилактикалық жұмыс әдістерін жүргізу.

Мамандар студенттерге есірткінің заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдары, «синтетикалық» есірткіден төнетін қауіп, жаңа психоактивті заттардың таралуы жөнінде толыққанды түсіндіріп берді. Жастардың өмір сүру салты, еліміздегі нашақорлық деңгейі, статистикалық көрсеткіштері талқыланды.

Алаяқтар қазіргі таңда интернет арқылы жастарды есірткі таратуға итермелейтіні жайында және ол істері үшін заңды түрде ештеңе болмайтыны туралы жалған ақпарат беріп жатады. Интернет-дүкендер арқылы есірткі сатудың неге әкеліп соқтыратыны жайында мысалдар келтірілді. Кездесу барысында полиция майоры Андрей Сухарев жастардың ондай жағымсыз жағдайлардан аулақ болу керегін айтып, өз болашақтарына балта шаппауға шақырды.

– Есірткінің заңсыз айналымы саласында қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік 14 жастан басталады.  Бұл қылмыс болашақта жұмысқа орналасу кезінде елеулі кедергі болуы мүмкін,-деді полиция майоры Айгерім Каукешова. Студенттер  жастар арасында есірткі затын тарату, оны қолдану мәселелерін талқылауға белсенді қатысты. Кездесу барысында мамандар айтылған мәселелерді өздерінің жанындағы құрбылары мен достарына жеткізіп, оларды да есірткіден аулақ болуға үндеді.

Алдағы уақытта «Экономика және құқық» факультетінің студенттері полиция бөлімдеріне барып, жұмыс барысымен таныспақ. Мамандардың айтуынша бұндай тәжірибе маман болып қалыптасуға тигізер көмегі зор болмақ.

Шара соңында Жамбыл облысы Полиция Департаменті Кинология қызмет орталығының қызметкерлері мен қызметтік иттерінің есірткіні іздеу барысы жайлы арнайы көрініс көрсетілді. Басқарма мүшесі – әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Аслан Еділханұлы кездесуге келген спикерлерге алғысхат табыстады.

photo 2024 02 17 09 45 10

photo 2024 02 17 09 45 01

photo 2024 02 17 09 45 23

Прочитано 608 раз
Top