МАМАНДАР ЖАСТАРҒА КЕҢЕС БЕРДІ
Әлеуметтік жұмыс басқармасы мен «Филология және Гуманитарлық ғылымдар» факультеті бірлесіп «Харассмент және жеке шекара» тақырыбында студенттермен еркін форматта кездесу ұйымдастырды.
Кездесу барысында Басқарма мүшесі – Әлеуметтік-мәдени жөніндегі проректор Аслан Тұрлыбек, Әлеуметтік жұмыс басқармасының Дінтану бойынша бас маманы Бахтияр Алпысбаев, Аналар кеңесінің төрайымы Ардақ Жантаева және Әлеуметтік жұмыс басқармасының психолог маманы Шынар Бүйембаева спикер болды.
Іс-шараның мақсаты – адамның жеке шекарасының бұзылуын алдын алу, қоғам дертіне айналған буллинг жайлы түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Кездесу барысында мамандар білімгерлерге келеңсіздіктің құрбаны болған азаматтардың көмекке кімге жүгінуі керек турасында кеңестерін айтты. Болған оқиға жайлы: болған уақытын, жерін, сипаттамасын және куәгерлерді қоса алғанда, оқиғаның егжей-тегжейлі жазбасын сақтауды ескертті. Себебі, бұл сотқа шағымданған кезде дәлел ретінде қажет болатынын мамандар түсіндіріп берді. Сонымен қатар,студенттерге жауапкершілік және өзін-өзі дамыту жайында да кеңестер берілді. Сондай-ақ, университет қабырғасындағы білікті психолог мамандарға студенттер жүгіне алатынын да жеткізді.
Студенттер көптеген пайдалы мағлұмат алып, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.