Ғылыми-әдістемелік семинар өтті

«Филология және гуманитарлық ғылымдар» факультетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының ұйымдастыруымен "Пәндерді оқытудың тұжырымдамасы" атты ғылыми-әдістемелік семинар өтті.

Семинарға Назарбаев университетінің профессоры Жазира Ағабекқызы арнайы келіп қатысты. Профессор Назарбаев университетінің білім берудегі жаңашыл бағытымен, әлемдегі үздік тәжірибелерге негізделген бағдарлама түрлерін әзірлеудегі заманауи үздік ойларымен бөлісті.

Жаһандану және қоғамдағы білім беру рөлінің артуына байланысты қазіргі таңда жоғары оқу орындары белсенді ұйымдастырушылық жүйені қалыптастыруда. Осындай мақсатқа жету жолында профессор-оқытушылар құрамы әрдайым тың идеяларымен бөлісіп, жетекші жоғары оқу орындарымен тәжірибе алмасу мақсатында кездесулер, ғылыми семинарлар өткізіп тұрады.

семинар 1

 

 

Прочитано 653 раз
Top