«Салауатты өмір – еліміздің болашағы»

«Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру» институтының студенттері және «Экология және ТӘҚ» кафедрасының оқытушыларының ұйымдастыруымен «Салауатты өмір – еліміздің болашағы» тақырыбында ашық практикалық семинар өтті.

Жиынға «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл облыстық медициналық жедел жәрдем стансасының» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнынан халықаралық жаттықтырушылар, халықаралық стандарттар бойынша провайдерлер, бас фельдшер – А.А.Муратов, аға фельдшер – А.А.Гулямов, Жамбыл облыстық медициналық жедел жәрдем стансасы базасындағы симмуляциялық кабинет қызметкерлері - Д.Кулмурзаев пен А.Куатхан қатысты. Медицина қызметкерлері студенттерге шұғыл жағдайда адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерін, оның ішінде кездейсоқ орын алатын жүрек талмасы, талма аурулары (салаларына қарай), әр түрлі жағдайда қақалып қалу жағдайларын практика жүзінде үйретті. Жиын барысында студенттер қызықтырған сауалдарына жауап алып,жағымды эмоцияларымен бөлісті. Білімгерлер көптеген пайдалы мағлұматтар үшін медицина қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.

салауатты 1111

салауатты2222

 

 

Прочитано 516 раз
Top