ОҚЫТУШЫ-ЗЕРТТЕУШІ БІЛІКТІЛІК САНАТЫН БЕРУ БОЙЫНША КОНКУРС

Жыл сайын сәуір айында оқытушы-зерттеуші біліктілік санатын беру бойынша конкурс өткізіледі. Конкурсқа қатысу үшін Ережеде көрсетілген талаптарға сай болу және мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

  1. a) өтініш берушінің өтініші;
  2. b) мінездеме-ғылыми зерттеу тақырыбы көрсетілген кафедра/ғылыми зертхана меңгерушісінен ізденушіге ұсыныс;
  3. c) институттың/факультеттің ғылыми кеңесінің «М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті" КЕАҚ-да Тегі, Аты, Әкесінің аты толық атаулы жағдайда, жұмыс өтілі көрсетілген конкурсқа қатысу үшін ізденушіні ұсыну туралы шешімінен үзінді;
  4. d) өтініш берушінің жеке басын растайтын паспорттың немесе жеке куәліктің көшірмесі;
  5. e) ғылыми хатшы куәландырған ғылыми еңбектер тізімі;
  6. f) ғылым және коммерцияландыру департаментімен расталған, ізденушінің өнертабыстың, пайдалы модельдің немесе өнеркәсіптік үлгінің авторы немесе тең авторы екенін растайтын қазақстандық және шетелдік патенттердің көшірмелері;
  7. g) ғылым және коммерцияландыру департаментімен расталған, ұйымдардың тапсырыстары бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындауда ізденушінің басшылығын растайтын құжаттардың көшірмелері;
  8. h) ғылым және коммерцияландыру департаментімен расталған, ізденушінің қазақстандық және шетелдік ғылыми және ғылыми-техникалық конкурстық іс-шараларда (өз бетінше немесе ғалымдар ұжымдарының құрамында), оның ішінде гранттар мен субсидиялар алуға жүлдегер немесе жеңімпаз болып табылатынын растайтын құжаттардың көшірмелері;
  9. i) Ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбы мен бағдарламасы (ГҚ конкурстық құжаттама өтінімінің талаптарына сәйкес).
Прочитано 574 раз
Top