РЕСМИ ТЕКСЕРУ ЕСКЕРТУЛЕРІ БОЙЫНША СЕМИНАР

Ғылым және коммерцияландыру департаменті ғылыми-зерттеу жобаларын гранттық қаржыландыру конкурстарына қайта қатысу үшін ескертулерді қарастыра отырып, жобаларды талдау бойынша семинар өткізді.

Семинарға ғылым және цифрландыру жөніндегі проректор Сейітжан Орынбаев, ғылым және коммерцияландыру департаменті, ішкі және сыртқы сарапшылар мен гранттық қаржыландыру жобаларының жетекшілері қатысты.

Семинар мақсаты– гранттық қаржыландыру конкурсының жобаларын ресми тексеру ескертулері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, конкурстарға жобаларды жіберу.

Семинарға қатысушылар үлкен қызығушылық танытып,сыртқы сарапшылар мен ғылым және коммерцияландыру департаменті алдағы ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.

Семинар соңында ғылым және коммерцияландыру департаментінің ішкі сарапшыларымен бірлесіп, ескертулерді түзету және оқу жылының соңына дейін жобалар бойынша өтінімдер дайындау туралы шешім қабылданды.

гылым департамент111

 

Прочитано 470 раз
Top