МЕХАНИКА ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» ҒЫЛЫМИ ЖУРНАЛЫ КОМИТЕТ ҰСЫНҒАН ҒЫЛЫМИ БАСЫЛЫМДАР ТІЗІМІНЕ ЕНДІ

Құрметті Дулати университеті ұжымы!

Ғылыми еңбектің негізгі нәтижелерін жариялау үшін Дулати университетінің «Механика және технологиялар» журналының Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынатын ғылыми басылымдар тізіміне «Құрылыс технологиялары», «Жеңіл өнеркәсіп технологиялары», «Химиялық технологиялар» және «Тамақ өнімдерінің технологиялары» бағыттары бойынша енгізілгенін хабарлаймыз.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 26.03.2024 ж. № 374 бұйрығы.

Журналдың 2024 жылғы 1-ші санында аталған бағыттар бойынша жарияланатын мақалалар Комитет тізімінде болып саналады.

Ғылыми басылымдар тізбесі

 

Прочитано 590 раз
Top