Ойы озық, білімді жастар бақ сынады

Дулати университеті базасында 5-11 сынып оқушылары, колледж бен университет студенттеріне арналған «Мектеп пен университет: ғылыми ынтымақтастық қырлары» атты XV Республикалық ғылыми -тәжірибелік конференция өтті.

Конференция қорытындысы бойынша жеңімпаз үш қатысушы Дулати университетінде тегін білім алу мүмкіндігіне ие болады.

Аталмыш конференцияны М.Х.  Дулати  атындағы  Тараз  өңірлік   университеті,  «Халықаралық педагогикалық   шығармашылық   пен   ғылымның   дамуын   қолдау   қоры» Қоғамдық  қоры  және М.Әуезов атындағы  Оңтүстік  Қазақстан  ғылыми-зерттеу университеті бірлесіп ұйымдастырды. Конференция аясында жүзден аса оқушы өз жобаларын ұсынып, бақтарын сынады. Қатысушылар жаратылыстану мен гуманитарлық бағытта жобаларын қорғады.

Республикалық конференцияның ашылу салтанатында Дулати университеті, Академиялық жұмыс жөніндегі департамент директоры Сәуле Құрмантайқызы сөйлеп, іс-шара қатысушылардың қабілетін шыңдауға, ғылыми жобаларын қолдауға бағытталғанын жеткізді. Мектеп оқушыларына 65 жылдық тарихы бар Дулати университеті туралы, ғылыми әлеуеті мен материалдық-техникалық базасы жайында ақпарат беріп өтті.

Д.И. Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университеті ректорының м.а. Илья Воротынцев онлайн арқылы байланысқа шығып, «Я – химик, я создаю будущее» тақырыбында презентация жасады.  Дулати университеті базасында ашылатын РХТУ филиалы туралы мәлімет беріп өтті. Химия саласында маман даярлаудың өзектілігі мен қажеттілігін баса айтып, түлектерді  оқуға шақырды.

Д.И. Менделеев атындағы РХТУ «Өндірістік экология» кафедрасының зертхана меңгерушісі Сергей Азопков сөз алып, ғылыми жобалармен айналысудың маңыздылығын сөз етті. Сондай-ақ, «Менделеев сыныптары» туралы мәліметімен бөлісті. Жоба аясында ғылыми экспедициялар ұйымдастырылатынын, бұндай шаралар болашақ ғалымның қалыптасуына үлкен әсер ететінін жеткізді.  

XV Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның қорытындысы бойынша Шымкент қаласы №53 мектептің 11-сынып оқушысы Диляра Декенова, Т. Рысқұлов ауданы, Ақтоған шағын орталықты орта мектебінің оқушысы Зейнеп Қырықбай және Меркі ауданы №5 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназияның оқушысы Әмина Қылшабай М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде оқуға 100 пайыз жеңілдікті жеңіп алды.

photo 2024 03 29 22 21 48

photo 2024 03 29 22 22 14

Прочитано 642 раз
Top