МАМАНДАР АРНАЙЫ СЕРТИФИКАТТАРМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде 15 сәуір күні басталған «Мамандығым – болашағым» өңірлік жобалық кеңсесі аясында өткен курс өз мәресіне жетті.
Бұл кеңсенің негізгі мақсаты– аймақтағы еңбек нарығындағы өзгерістерді болжау және студенттерге ерте кәсіптік бағдар беру.
Бүгінде жоба шеңберінде университет қызметкерлері 5 күн бой интенсивті режимде форсайттық зерттеу әдістемесі бойынша курсынан жүйелі түрде өтіп, арнайы сертификаттармен марапатталды.
Қазіргі таңда «Мамандығым-болашағым» жобасы еліміздің 16 өңірінде жүзеге асырылуда. Павлодар, Маңғыстау, Қарағанды облыстары және Алматы мен Астана қалалары өңірлік кадрларға қажеттілік картасын әзірлеуді аяқтап, осы өңірлердің басым секторларының қатарынан келешегі бар кәсіптерді анықтады. Сондай-ақ оқушылардың кәсіби диагностикасы жүргізілді, нәтижесі бойынша оқушылар өздерінің бейіні мен кәсіби қызметте жүзеге асыру мүмкіндіктерін анықтады

сертификат111

сертификат222

 

 

Прочитано 472 раз
Top