РОБОТОТЕХНИКА МЕН МЕХАТРОНИКАДАН VI ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУ

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде Робототехника мен мехатроникадан VI облыстық байқауы өтті. Байқауды ұйымдастыру комитеті: Технологиялық факультетінің «Автоматика және телекоммуникация» кафедрасы.

Байқаудың мақсаты  – жастар арасында робототехниканы, конструкторлық қызметті, ақпараттық мәдениет пен техникалық шығармашылықты дамытып, робототехникалық жүйені құру бойынша ғылым және инновация саласын жетілдіру. ҚР халық шаруашылығында робототехника мен мехатрониканың механизмі мен машиналар қозғалысын бағдарламалы және аппаратты басқару сұрақтарымен айналысатын ғылым мен техника бөлімінің болашағын айқындауды жетілдіру.          

Байқауды Басқарма мүшесі – ғылым және цифрландыру жөніндегі проректор Сейітжан Орынбаев құттықтау сөзбен ашып, робототехника саласы бойынша өткізіліп отырған байқаудың маңыздылығына тоқталды.Сондай-ақ, байқауға қатысып отырған жастарды Дулати университетінің студенттері қатарынан көргісі келетінін жеткізді.
Байқауда мектеп оқушылары, колледж студенттерінің робототехника саласы бойынша талдамалық және дизайнерлік дағдыларын көрсетуге мүмкіндік береді. Үздік шыққан қатысушыларға бағалы сыйлықтар, жарыс жеңімпаздарына университеттің оқу гранты берілді.   

Жалпы 52 білім беру мекемесінен 165 үміткер үш номинация бойынша бақ сынады.Олар:Биатлон номинациясы;Асық ату номинациясы; Роботты құрылғыларды ерекше нұсқалары номинациясы.

Байқау ережесі бойынша қолданбалы және ойын-сауық сипаттағы роботтар үшін арнайы бағдарламаларды жасап, құрастыру қажет. Сыйлық ретінде роботтар мен олардың компоненттерін құрайтын конструкторлар (құрастырушылар) таратылды.Дайындалған жұмыстың қоғамға пайдасы мен экономикалық тиімділігіне баса назар аударылды.

Байқау нәтижесі бойынша эксперттік комиссия келесідей шешім қабылдады:

Асық ату номинициясы бойынша:       

I – дәрежелі диплом: - Төлеу Иманғали, Әбітай Темірлан - Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

II - дәрежелі диплом: - Есенкұл Асылжан, Тұрсынбек Нурислам – Техникалық шығармашылық орталығы

II - дәрежелі диплом: - Шакен Темірхен Серікұлы, Маратбек Бекназар Қуатұлы – Ақтоған шағын орталықты орта мектебі

III - дәрежелі диплом: Қуат Бексұлтан Қаллибекұлы,Ержан Қалыбекұлы

III - дәрежелі диплом: Ашкен Ізбасар, Каримов Шерзод – Жамбыл облысы, Мерке ауылы

Биатлон номинициясы бойынша:

I - дәрежелі диплом: Сатов Саян, Жаңылбекұлы Бексұлтан - Ақарал жалпы мектебі

II - дәрежелі диплом: Кузьмин Вячеслав, Иманкулов Богдан

III - дәрежелі диплом: Салимов Амиржан, Сәткен Диас – Білім инновация лицейі

III - дәрежелі диплом: Қуандық Бақберген - № 49 орта мектеп

Роботты құрылғыларды ерекше нұсқалары бойынша номиниция

I - дәрежелі диплом: Джуранбаев Азамат, Сұлтанқұл Шыңғыс - №41 көп салалы гимназия

II - дәрежелі диплом: Болатбек Нұрсұлтан Ерланұлы, Бакман Нұрбол Мұратұлы - Ақтоған шағын орталықты орта мектебі

III - дәрежелі диплом: Құламқадыр Бақдаулет Жансерікұлы- Аймантөбе ауылы. Берікқара орта мектебі

III - дәрежелі диплом: Оқушылар «Үміт» сарайы - Сабыржан Ақбота

VI облыстық робототехника байқауының қорытындысы негізінде "6B07122- "Басқару жүйелеріндегі автоматтандыру және ақпараттандыру" немесе "6В06211 Көп арналы талшықты оптикалық желілер мен жүйелер" білім бағдарламалары бойынша А.C Пушкина атындағы №41 көп салалы гимназияның 11 сынып оқушысы Булат Аминаға барлық оқу кезеңіне (2024-2028жж) тегін оқу жеңілдігі берілді.

2604робот111

2604робот222

2604робот333

2604робот4444ъ

2604робот555

2604робот666

2604робот7777

2604робот888

2604робот999

 

Прочитано 633 раз
Top