Кәсіптік бағдар беру бойынша ашық есік күні ұйымдастырылды

«Филология және гуманитарлық ғылымдар» факультетінің ұйымдастыруымен Тараз қаласы мектептерінің 11 сынып оқушыларына арналған ашық есік күні өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты талапкерлерге болашақ мамандық таңдауға бағытталған ақпараттарды беру, ҰБТ ережелерімен таныстыру, кәсіби бағдар жұмысын тиімді және сапалы жүргізу.

Іс-шараның модераторы – «Филология және гуманитарлық ғылымдар» факультетінің деканы Гүлнұр Исабекова болды.

Маркетинг және кәсіптік бағдарлау басқармасының басшысы Алуа Назарбекова М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің бүгінгі жағдайы мен жетістіктері, білім беру бағдарламаларының ерекшеліктері, қос дипломды білім беру бағдарламалары, шетелдік және отандық университетте білім алу мүмкіндігі, Ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңа форматы туралы және оқуға қабылдау ережелерін жете түсіндіріп өтті.

Әлеуметтік жұмыс басқармасының басшысы Арнат Ұлтанбаев Дулати университетіндегі гранттар мен жеңілдіктер туралы ақпарат берді.

Сонымен бірге іс-шара барысында мамандық таңдаудың маңыздылығы туралы кафедра меңгерушілері ойларымен бөлісіп, бакалавр, магистратура, докторантура білім беру бағдарламалары, болашақтағы бағыт-бағдары мен келешегі туралы айтты.

ашык есык12111ъ

 

Прочитано 500 раз
Top