Қазақстан – татулық пен бірліктің мекені

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні және М.Х. Дулатидың 525 жылдығына орай «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультетінің айлығы аясында "Музыка және көркемдік білім" кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы мен «Көркем-шығармашылық өнер» студенттік ғылыми үйірмесінің ұйымдастыруымен «Қазақстан – татулық пен бірліктің мекені» тақырыбында облыстық көрме өтті.
Көрменің ашылу салтанатында «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультетінің деканы Айсұлу Нурдынқызы құттықтау сөзін сөйлеп, ізгі тілегін білдірді. Сондай-ақ келушілерге арнап арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Көрменің басты мақсаты – елімізді мекендейтін түрлі этнос өкілдері арасындағы татулық пен достық – еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту. Әр халықтың өнері оның рухани байлығының негізі екендігін өскелең ұрпақтың бойына сіңіру. Өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, тарихи тұлғаларын ұлықтауға, өзге және өз ұлтының рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

облыстык корме1111

облыстык корие2222

облыстык корме главный

 

 

 

 

 

 

Прочитано 536 раз
Top