ЖОШЫ ҰЛЫСЫНЫҢ ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕГІ ТАРИХЫ

«Дулатитану және Өңір тарихы» ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Жошы ұлысының Қазақ жеріндегі талайлы тарихы» атты конференция өтті.

Онлайн және офлайн форматта өткен конференцияға Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, т.ғ.к, профессор, жетекші ғылыми қызметкерлері Әуесхан Шашаев, Жеңіс Жомарт және тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Жанна Сейітқұлова, «Тарих» кафедрасының PhD, аға оқытушылары Әсел Ташқараева, Альбина Максутова, университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер қатысты.

Конференцияның мақсаты – Жошы Ұлысының тарихын, оның Қазақ мемлекеттілігімен тарихи сабақтастығы мәселелерін жаңа көзқарастар мен методологиялық ұстанымдар тұрғысынан талқылап, жас ұрпаққа дәріптеу.

Модератор «Дулатитану және Өңір тарихы» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы, т.ғ.к.,профессор Сейдахан Бақторазов конференцияның маңыздылығына тоқталып, озық ойлы ұлт болуды меңзейтін бірқатар идеологиялық ойларымен бөлісті.Жошы ұлысының 800 жылдығын атап өту арқылы біз өз тарихымызды танып және өскелең ұрпаққа елге, жерге, отанға деген сүйіспеншілік қасиеттерін арттыру – басты мақсат екенін жеткізді. Жошы ұлысы тарихын зерттеу және насихаттау – қоғамдық-гуманитарлық ғылымдардың, әсіресе тарих ғылымының өзекті міндеті екенін тілге тиек етті.

Жошы ұлысы өмір сүрген дәуір қазақ жеріндегі мемлекеттілік дәстүрі дамуының маңызды кезеңдерінің бірі. «Жошы ұлысы Қазақстанның мемлекеттілік дәстүрінде ерекше орын алады. Еліміздің өткені, бүгіні мен болашағы оның тарихи мұрасымен астасып жатыр. Ендеше Алтын Орда туралы халықаралық аренадағы түсінік Қазақстанмен тікелей байланысты болуы керек», - деді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Құрылтайдың үшінші отырысында.

Конференция барысында осы мәселелерді зерттеуші тарихшылар офлайн және онлайн форматта баяндамалар оқып, пікір алмасты.Сонымен қатар, рухани дамудың бағыттарын белгілеп, қоғамдағы өткір мәселелерге тоқталды.

Жанна Сейітқұлова «Өзбек хан тұсындағы Алтын Орда», Әсел Ташқараева «Әбілғазының деректеріндегі Жошы ұлысы туралы кейбір деректер», Альбина Максутова «Жошы дәуірі: «Тарих-и Рашиди» еңбегіндегі моғол атауы мен ру-тайпалық құрылымдардың тарихнамалық зерттелуі» тақырыптарында баяндама жасады.

«Тарих» кафедрасының студенттері Жалғас Қуанышбек «Жошы ұлысының жазба мәдениеті», Асанали Райсов «Жошы ұлысының ішкі және сыртқы саясаты» тақырыптарында баяндама жасап, Жошы Ұлысын зерттеудегі тарихи оқиғалар мен процестер, Қазақ хандығымен рухани-мәдени және саяси-тарихи сабақтастық қаншалықты зерделенді деген сауалдарға жауап берді.

Конференция соңында қатысушылар ұсыныс-пікірлерін айтып, еліміздің даму жолындағы қарқынды жұмыстардың жалғасын табатындығымен қорытындыланды.«Дулатитану және Өңір тарихы» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы, т.ғ.к.,профессор Сейдахан Бақторазов баяндама жасаған барлық қатысушыларға алғыс хат табыстады.

конф20511111

кофр20522222э

конф2053333

конф205444

конф2055555

 

 

Прочитано 572 раз
Top